«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ ӨТТІ
Арал ауданында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалының слеті болып өтті.
Слетқа «Жас Отан» Жастар қанатының облыстан және аудандардан келген делегаттары мен аумақтық төрағалар мен төрайымдар қатысты. Слет аясында ауданға арнайы келген қонақтар Арал қаласында жаңадан салынып жатқан ғимараттардың құрылысымен танысты. Сонымен қатар, Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйінде, «Балықшылар» мұражайында болған жас отандықтар өлкеміздің тарихына қанықты.
Бұдан бөлек, Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында өткен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымының «Ұланымыз Ұлы елдің» атты салтанатты жиынына да қатысып, «Жас Ұлан» ұймының қатарына 100 озат оқушыны қабылдау рәсіміне де куә болды.
Мұнан соң, аудандық мәдениет үйінде «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық слетінің салтанатты шарасы бастау алып, шарада «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов сөз алып, облыс және аудандардан келген делегаттарды аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Осылайша, аймақтың белсенді жастарының басын қосқан слет аудан өнерпаздарының арнайы концертіне ұласты.