МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі, Аналар кеңесі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыз өссе – елдің көркі» атты Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің оқушы қыздарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық филиалының дәрігері А.Бектаева баяндама жасады. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді, тәлім-тәрбие, отбасындағы түсініспеушіліктер, жастар арасындағы қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу туралы Аналар кеңесінің мүшелері А.Орынбаева, Р. Тоқмырзаевалар тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудандық әуез мектебінің өнерпаздары күй тартып, ән шырқады.
Мектеп директоры А.Айбосынова, «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі И.Әбілдаева, қыздар ұйымынан А.Нарпай өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын кездесу кент орталықтарындағы мектептерден жалғасын таппақ.