Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне өтпек

Қызылордада қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне өтпек

   Қызылордада қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін орнату жобасы  жүзеге асады. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Брифинг соңында аймақ басшысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Солардың бірі қоғамдық көлікке қатысты болды.
– Қызылордадағы қоғамдық көліктің жайы қалай? Қоғамдық көліктің қатары жаңа автобустармен толыға ма?
«Қызылорда қаласында жалпы үлкен және кіші сыйымдылықтағы 800-ге жуық қоғамдық көлік бар. Мәслихат депуттарының шешімімен жол ақысы үлкендерге 90, оқушыларға 40 теңге болып бекітілген. Келесі жылдың ақпан айынан бастап билет электронды жүйеге өтеді. Ол үшін біз алматылық компаниямен келісімге келдік. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асады. Біз электронды билет жүйесін жолға қою арқылы қоғамдық көліктердің тәртібі мен табысын бақылауда ұстайтын боламыз.  Түскен табысқа жаңа автобустар алуды жоспарлап отырмыз. Егер тұрғындар электронды жүйеге өтсе үлкендер 80 тг, оқушылар 30 тг төлейтін болады. Ал, өтпеген жағдайда халықты үйрету үшін  жол ақысын 90-150 теңгеге дейін көтермекпіз», – дейді облыс әкімі.
23 қараша 2019 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 484 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам