Қоғамдық көліктен билет талап ет

Жоба 2019 жылдың 8 қаңтар-8 ақпан аралығында жүргізіледі. Жолаушылар 15 билет жинап, 3000 теңгенің купонына қол жеткізеді. Акция барысында маршрутқа мінген жолаушы 15 билетті жинау арқылы купонға ие болады. Акцияға кез-келген тұрғын қатыса алады. Купон арқылы «Smaill» сауда үйінен қажетті зат сатып алады.
Мұндағы негізгі мақсат – қаладағы жолаушылардың жол жүру талаптары мен міндеттеріне сұраныс арттыру. Аталған акция қалаішілік №1, 11, 14, 17, 18, 30 бағыттар бойынша ұйымдастырылған. Осының негізінде қоғамдық көлік қызметкерлері мен жолаушылар арасында өзара сенімді күшейту көзделген.
Жаңа жобада 170-тен астам сертификат орнатылмақ. Олай болса, күнделікті мінген қоғамдық көліктен билет талап етіп, акцияға қатысуға мүмкіндік туып отыр.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.