Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тарих пәні мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өтті

Тарих пәні мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өтті


Қызылорда қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №271 орта мектебінде «Данышпандық – асыл қасиет» тақырыбында қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өтті. Бұл шара шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әль Фарабидің туылғанына 1150 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелді білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ғабидулла Шарапатов ашып берді. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің философия кафедрасының оқытушысы Апенов Болат Мейрамұлы, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Әйгерім Сейітбекқызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Алмасбекова Сұлушаш Алмасбекқызы өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде мектептегі рухани жаңғыру кабинетімен таныстырылым өтті. Келесі кезекте қонақтамен тренинг өткізілді. «Бала Мұхаммедтен – ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз» Әбу Насыр Әл-Фарабиге дейін» тақырыбында оқушылардың таныстырылымы өтті. «Ізгілік туралы аңызы» бойынша оқушылар көрініс қойды.
01 желтоқсан 2019 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 588 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам