ҮШ ТІЛДІЛІК ТАҚЫРЫБЫ ТАРАЗЫЛАНДЫ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп базасында «Үштілді білу - бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Бұл шара оқушыларға үштілді білудің маңызын, қажеттілігін жан-жақты түсіндіру, Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарының жүзеге асуын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында қолға алынды.
Аталған шараға 7 сынып оқушылары мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Елбасымыздың үштұғырлы тілге байланысты айтқан бейнежазбасы тыңдатылды.
Оқушылар көптілді білудің маңыздылығын, заман қажеттілігін, жаһандануға жетудің негізгі жолы екендігін айтты. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. Бірнеше тіл білетін ойшылдардың өмірінен дәлелдемелер келтіре отырып, оларды өздеріне үлгі тұтатынына тоқталды.
Дөңгелек үстел соңы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты өлең жолдарымен қанаттандырылып, қорытындыланды.