Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада І аймақтық ІТ форум өтуде

Қызылордада І аймақтық ІТ форум өтуде

    Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен  "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы" тақырыбында І облыстық IT форумы өтуде. Аталған шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, шетелдік және отандық ІТ қауымдастықтары мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері  қатысты.
IT форум мақсаты - мемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасындағы цифрландыру жұмыстары бойынша тәжірибе бөлісіп, идея алмасуға арналған бірыңғай алаң құру. Форумда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы облыстық цифрландыру жобаларының тұсаукесері мен көрмесі ұйымдастырылып, «Ақылды қаланы» қалыптастыру бойынша шетелдік, отандық IT компаниялардың үздік тәжірибелерінен арнайы бағдарлама ұсынылды.
"Бүгінгі "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы "  тақырыбындағы форум" адами капиталды  дамытуға, аймақта жүзеге асырылған жобаларды тұрғындарға таныстыруға, ТМД мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, жобаларға кәсіпкерлерді, инвесторларды тартуға және стартап жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Форум барлығымыз үшін нәтижелі және пайдалы болатынына сенімдімін",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Форум аясында облыс әкімі Қ.Ысқақов  «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Smart Qyzylorda» ақпараттық жүйесі - қаланың тұрғындары мен қонақтарын біртұтас біріктірілген жүйе арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форумда өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жүзеге асырылған Қазақстандағы тұңғыш цифрлы күріш ақтау зауытының және «Акмауа Smart Farm» фермасының жұмыстары таныстырылды. «Мағжан и К» ЖШС  цифрлы күріш ақтау зауыты сағатына 5 тонна күрішті өндеуге қуатты және кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады.т Барлық процестер автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Ал, Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы FMIS – «ақылды ферма» зияткерлік геоақпараттық форманы қолданатын пилоттық шаруашылық. Ол жедел навигацияны, өріс деректерін толық талдауды және өндірістік процестердің мониторингін қамтиды.
Шара барысында «SMART QYZYLORDA HACKATHON» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
06 желтоқсан 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 428 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам