Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Соңғы парыз» романы желісінен спектакль тұсаукесері өткізілді

«Соңғы парыз» романы желісінен спектакль тұсаукесері өткізілді

    Биыл қазақ әдебиетінің абызы, шығармаларына дәуір шындығын арқау еткен қарымды қалам иесі, заманымыздың заңғар жазушысы, Теңізді өлкенің төл перзенті – Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов торқалы 95 жасқа толды. «Қазақ әдебиетінің қара нары» деп бағаланған дарабоз қаламгеріміздің 95 жасқа толған мерейтойы Алматының төрінде, Абай атындағы опера және балет театрында мемлекеттік дәрежеде аталып өтті. Одан қалды, еліміздің барлық аймақтарында, туған жері Арал өңірінде жерлес жазушының шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында сан алуан шаралар жалғасын тапты.
Бүгін солардың бірі де бірегейі болған, аудандық мәдениет үйінде сахыналанған Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы желісінен «Сондай да бір түн болған» атты спектакльдің тұсаукесері өткізілді. Жерлес қаламгеріміз Ә.Нұрпейісовтің «95» жасқа толу құрметіне орай аудандық «Халық» театрының дайындаған екі бөлімді трагедиясын аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері мен көзі қарақты көрермен қауым ерекше ықыласпен тамашалады.
Жалпы, жазушы үшін адам тағдыры – шығарманың кілті іспетті. Осы орайда, «Соңғы парыз» романының кілті – Жәдігер, Бәкизат, Әзім атты үш адамның тағдыры арқылы ашылғандай.
Осы орайда, жазушының кеуіп, құр қаңқасы қалып, қу тақыр шөлге айналған Аралдың ауыр ахуалы мен жан-дүниесі жалаңаштанып, ой орманы өртеніп, күйзеліске ұшыраған адам тағдырын көркем шеберлікпен суреттеп жеткізген еңбегін спектакльдің қоюшы режиссері Бахыткүл Бахрамова жоғарғы дәрежеде көрсете білді.
Шығарманы арқау ете отырып, роман кейіпкерлерін үздік сомдай білген театр әртістері де спектакль барысында Арал теңізінің тартылуымен, адамдардың мейірімінің де тартылуы, өмірлерінің мәнінің жойылуын ерекше суреттеп, жүрекке жеткізе білді. Әсерлі қойылым кезінде өмір мен өлім, мейірімділік пен зұлымдық, махаббат пен ғадауат, әділет пен қиянат жайында бір-бірін алмастырып жатқан ұғымдардың өліарасына тап келген тағдырларға куә болған көрермен қауым жанарына жас алды.
Спектакль соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, «Бүкіл қазақ халқы құрметтеп, төбесіне көтерген, ұлт әдебиетінің аңызына айналған айбоз тұлғамен жерлес атану біздер үшін үлкен мақтаныш. Жуырда ғана, ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, мақтанышымыз екі еселеніп жатқаны рас. Кеңес Одағы тұсында Аралдан 16 Социолистік Еңбек ері шыққан болса, Ә.Нұрпейісов бүгінгі бейбіт күннің, егемен елдің Еңбек Ері атағын иелініп отыр»,- дей келе, көрермен қауымға, жас ұрпаққа бабалардың аманатын жеткізуді мұрат тұтқан спектакльдің қоюшы режиссері мен рөлдерді сомдаушы өнер иелеріне алғысын білдіріп, бастамаларына сәттілік тіледі.
Туындының қоюшы режиссері, қазақ драматургиясына жаңа леп берген «ҚР Мәдениет Үздігі төсбелгісінің иегері» Бахыт Айтанқызы да спектакль премьерасына көптеп жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, күллі қазақ елінің мақтанышына айналған Ә.Нұрпейісовтың шығармасын көпшілікке ұсына алғанына ерекше қуанышты екендігін жеткізді.
06 желтоқсан 2019 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам