АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп базасында аймақтық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ол «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстылықтың, суицидтің, жыныстық азғындатушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу» тақырыбына арналды.
Аталған жиналысқа қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Құдайбергенова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының тамақтану және дене белсенділігі бағдарламасының үйлестірушісі И.Болатбекова, ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігер –эпидемиологы Г.Айтмагамбетова, облыстық наркология орталығының дәрігер-наркологы Г.Сапарбаева, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ш.Тобжанов, ҚІІ басқармасы, жергілікті полиция қызметі, ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны А.Усманова және №№9, 136, 211 мектептерінің ата-аналары қатысты.
Ата-аналарға жиналыс барысында деструктивтік діни ағымдардың, салауатты өмір салтын ұстану, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың зиянды әдеттердің, зорлық –зомбылықтың, келеңсіз жағдайлардың, ЖИТС-тің және балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында ата-аналармен тренинг өткізіліп, зиянды әрекеттердің алдын алу үшін жадынамалар таратылды.