Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жарқын істер бастауы

Жарқын істер бастауы

   Жаңақорған ауданы үшін биылғы жыл жемісті болды. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласында да өрелі өзгерістер қалыптасты. Оны аудан тыныс-тіршілігінен айқын аңғаруға болады. Аталған аумақтағы  уран, полиметалл кенін өндіру саласында 10 мекеме жұмыс жасайды.
–  Ауданда құрылысқа қажетті әртүрлі фракциялы қиыршық тас, құмды тас қоспасы, доломит, әк өндіріледі. Биыл өнеркәсіп өнімдерін өндіру өсімі 97,9 пайызды құрады. Кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беру арқылы бүгінде жұмыссыздар саны азайып отыр. Мәселен, осы жылы 6552 адам еңбекпен қамтылған.  Мұнда индустриялық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық индустрияландыру картасына  – 1, өңірлік индустрияландыру картасына – 1 жоба енгізілді, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  баспасөз мәслихатында Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашов.
Сондай-ақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы» аясында 143 жобаға шағын несие және 435 жобаға грант берілген. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 20-дан астам жоба іріктеліп, несие алуға байланысты жұмыстар жүргізілген.
Брифингте аудан әкімі Жаңақорғанда мал шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын айтып өтті. Бұл бойынша өндірілген өнім өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан.  Мәселен, биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 948 бас қой алынған.
 – Осы бағдарлама аясында шет елден мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспары 375 бас болса, бүгінгі күнде 301 сиыр жеткізілді. Жыл аяғына дейін олардың қатары тағы толығады, – деді Сұлтан Ысқақұлы.
Жаңақорғанда мемлекеттік жастар саясаты бойынша да жүйелі жұмыстар жасалуда. Бұл – аудандағы жарқын істердің бастау аларына себеп екені айқын. Жастар жылындағы жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай. Мұны ауданда атқарылып жатқан ауқымды бастамаларға олардың қосып жатқан үлесінен байқауға болады. Кәсіпкерлік бағытында 188 жас несие алған. «Бақытты отбасы» жобасы аясында NEET санатындағы 100 адам еңбекпен қамтылған. Сонымен қатар, «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер бес бағыт бойынша қайырымдылық шарасын жүргізді. Олар биылғы жылдың қорытындысы бойынша  облыста «Үздік ұйым» атанды.
Қазіргі таңда бұл аудан өзіндік даму жолын тауып, көш бастап келеді. Әр салада айтарлықтай нәтиже бар. Яғни, жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап тұрақты дамудың тиімді жолын көруге болады.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
14 желтоқсан 2019 ж. 736 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам