Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіпке қолдау бар, кедергі жоқ

Кәсіпке қолдау бар, кедергі жоқ

  Елімізде дамудың даңғыл жолында түрлі бағдарламалар іске асып келеді.  Осы мақсатта облыста шағын және орта бизнесті дамыту тенденциясын қолдау мақсатында кәсіпкерліктің үш жылдығы жарияланды. Жаңа мүмкіндіктердің арқасында облыс орталығында бизнес саласы жақсарып, оны дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасқан. Мәселен, облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының  48 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Аталған кәсіпорындарда 50 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды.
 – Облыс орталығында  жыл басынан бері жалпы құны
3 млрд. 878 млн. теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 3 жылдық кәсіпкерлікті дамыту негізінде 696 жоба іске асырылды. Одан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасы аясындақалада жыл басынан бері  137 жобаға шағын несиелендіру арқылы қаржы тартылды. Олардың құны – 823 млн. теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8 пайызға көбейген, – деді қала әкімінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов.
Ал, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 32 жоба мақұлданып, 23 жобаға қайтарымсыз қаражат берілген.  
Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында олардың 19-ы қолдау тапқан. Ал, кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасында 535, «Бизнес-Бастау» аясында 140 адам білім алған.
Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жас кәсіпкер» жұмыссыз жастарды оқыту жобасы өз деңгейінде жұмыс жасауда. Осының негізінде қала және елді мекендерден 310 жұмыссыз жас оқытылып, оның ішінде 252 азамат өздерінің бизнес жобасын қорғап шықты. Осылайша 3 жылға белгіленген уақытта қалада жеке кәсіпкерлер көбейіп келе жатқаны айқын аңғарылады. Оларға зор мүмкіндік те берілген. Демек, тұрмыстық жағдайды жақсартуда қала экономикасын арттыруға беріліп отырған жайттарды пайдалана білген дұрыс.  Осы тұрғыда қала кәсіпкерлері мен кәсібін жаңадан ашқысы келетін бастамашыларды тарту мақсатында семинар-тренингтер өтіп жатқанын да көріп жүрміз. Оларды өткізу үшін қалалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Демек, өз ісін бастаған азаматқа қолдау бар. Сол бағытта арнайы шеберлік сағаты, іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, 10 айдың ішінде 380-ге жуық кәсіпкерлер мен жас азаматтар сондай семинарларда қабілет-қарымдарын бағалай білген.
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған қаржы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,5 пайызға өскен. Инвестициялар көлемі 3 млрд. 3 млн. теңгені құраған.
  – «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалада «Индустрияландыру картасына» жоба құны 71,1 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба енгізілді. Оның ішінде 2-уі жүзеге асырылып, 1 жобаны жыл соңына дейін іске қосу жоспарда бар. Ал, аталған бағдарламаның алғашқы бесжылдығында облыс орталығынан өңірлік индустрияландыру картасында 4 жоба іске қосылды, – деді бөлім басшысы.
Жоғарыдағы көрсеткіштер қалада кәсіпкерлікті қолдау бағытында нақты істер атқарылып жатқандығының дәлелі. Өңір экономикасының өсуіне де аталған сала тікелей байланысты. Сол үшін де кәсіпкерлікпен айналысудың және оларға қолайлы жағдай жасаудың маңызы зор.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
10 желтоқсан 2019 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам