Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарыштай бер, Қызылорда!

Қарыштай бер, Қызылорда!

  Тарихи тағылымы мен мағынасы терең тәуелсіздік мерекесін атап өту  халқымыздың асқақ рухын, ұлтымыздың ұлылығын дәріптей түседі. Еліміздегі бейбітшілік пен татулығы жарасқан берекелі өмір, баянды бірліктің арқасында зор табыстарға қол жеткізіп келеміз. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты осындай оң істерге, жарқын жобаларға жол ашты.
            Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр өңірінің рухани, мәдени орталығы – Қызылорда қаласы да өзінің қомақты үлесін қосып келеді.
Қасиетті мекен – небір тарихи кезеңнің куәсі, тың бастама мен өркенді жаңалықтың қасиетті ордасы. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халқының саны өсті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, медициналық мекемелер, білім ошақтары, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар мен көшелер пайда болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты. Қала көлемінің ұлғаюы бұл әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өсімнің оң  көрсеткіші. Сыр бойының әлеуметтік-экономикалық дамуының бет-бейнесін қаланың өркендеуімен байланыстыруға болады.
          Соңғы жылдары елдің ертеңі үшін, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, өз нәтижесін берді. Солардың бірі – «100 мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасы бойынша қалада 2009 жылы 1200 орынға негізделген №144  орта мектеп жаңа оқу ғимаратына көшті. Онда материалдық оқу базасы заман талабына сай жабдықталған. Атап айтсақ, компьютерлік кабинеттер, мультимедиалық жүйе, интерактивті қондырғылармен қамтылған. Сонымен қатар, білім ордасында 440 орындық асхана, 3 спорт залы бар. Мектепте оқу-тәрбие саласындағы озық технология  жариялау және басқа да игі бастамалар қолға алынған. Сондай-ақ, ғылыми-шығармашылық бағытта ізденімпаз, жаңашыл оқушы тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінуде. Онда  мұғалімдердің 4 шығармашылық тобы құрылған. Олар деңгейлік курстардан өткен мамандардың «Өрлеу» шығармашылық, «Таным» модульдік оқыту технологиясымен жұмыс жасайтын, «Тағылым» озат тәжірибелі мұғалімдер тобы. Мектепте «Таным», «Серпін» кәсіби қоғамдастығы жұмыс істейді.
Дәл осындай білім ошағы қаланың жаңа аумағы – «Сырдария» шағын ауданында ашылды. Мұнда №264 мектеп оқушылардың шаттық мекеніне айналды.
    Тәуелсіздік жылдарында Сыр медицинасының дамуы, жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері орасан. Бүгінде аталмыш сала бойынша қаншама тың бастамалар мен ірі жобалар қолға алынды. Еліміз қандай қиындықты бастан кешірсе де  халықтың денсаулығын сақтау мәселесін басты назарда ұстады. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде – медицина саласында біраз қиындықтар кездесті. Алайда,  1992 жылы облыстық диагностикалық кеңес беру орталығы іске қосылуы ел өміріндегі елеулі оқиғаның біріне айналды.   Кеңес одағы кезеңінде басталып, аяқсыз қалған облыстық медицина орталығының құрылысын аяқтауға мән берілді. Осыған орай, Болгария үкіметімен қайта келісім жасалып, 1998 жылы ТМД елдерінде теңдесі жоқ орталық біздің өңірде іске қосылды. Ашылу салтанатына Тұңғыш Президент Елбасының өзі арнайы келіп, Сыр жұртшылығына үлкен сыйды тарту етті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Жапонияның келісімі нәтижесінде облыстық медицина орталығына 3 млн. 800 мың долларға құрал-жабдықтар грант түрінде берілді.  Жаңадан қалалық туберкулезге қарсы диспансері, облыстық балалар ауруханасы мен әйелдер кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Дәрігерлерді жақын және алыс шет елдерге оқыту жолға қойылды.
Ана мен баланың денсаулығын жақсарту бағытында 2014 жылы «Ана мен бала» емдеу орталығы ел игілігіне берілді. Орталықта озық технология енгізіліп, инновациялық жоба жүзеге асты. Электронды-ақпараттық жүйе арқылы  сапалы қызмет көрсету аясын кеңейтуде.
Облыс орталығында қоғамдық көлік мәселесі соңғы жылдарда оң шешімін тауып, қалада жаңа үлгідегі автобус паркі ашылды. Бұл автопарктің ерекшелігі – қала көлемінде қызмет көрсететін үлкен сыйымдалықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы мен автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндік қарастырылған. Автобус паркінің жалпы аумағы 5 гектарды құрайды және 200 автобусқа шақталған. Бүгінде қалаішілік көліктер ел сұранысын өтеуде қалтқысыз қызмет жасауда.
         Сәулеті мен сәні келіскен шаһардың сол жағалауында құрылысы қарқын алып, қос қанатты қала пайда болуы – егемендіктің салтанат құрып дәуірлеуінің игілігі. 2017 жылдың мамырында сол жағалаудағы алғашқы ғимараттардың іргесі қаланды. Оған бөлінген 9,8 га жер аумағында жастар ресурстық орталығы, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ғимараттары, 320 орындық балабақша мен 220 пәтерлік 4 тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Мұндағы нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен және мемлекеттік-жекешелік әдісімен салынған. Дария бойлай архитектурасы  ерекше құлпырып,  қазақы ою-өрнекпен айшықталған, зеңгір көкпен иық тірескен зәулім тұрғын үйлер, әлеуметтік ғимараттар бақуатты тұрмыстың нышанындай қиялға қанат бітіреді.
Сонымен қатар, «Болашақ» университеті – сол жағалаудың мерейін асқақтатып тұрған алып құрылыс.  Үлкен қалаларда әдемі, көрнекті ғимараттар өзеннің екі бетінде тұрады. Туған қаламызға ғажап архитектурасымен сән берген ширек ғасырлық тарихы бар бұл оқу орны кампустық үлгіде салынған. Университет алаңында болашақта 400 орындық жатақхана, оқытушыларға арналған 60 пәтерлі тұрғын үй мен  балабақша, 1100 орынды конгресс бой көтермек.  Мұнан соң стадион салу қолға алынбақ. Оқу қалашығының аймағында – шаштараз, сән салоны, ұялы телефон операторлары, ХҚК орталығының филиалы сияқты барлық қажеттіліктер орналасады.  
Міне, осылайша тәуелсіздіктің алтын парағы ашылған тұстан егемендіктің еңселі шағын толағай табыспен  қарсы алған Сыр елінің бас шаһары Қызылорда қаласы жыл сайын қарыштап дамып келеді.
                                                              Жасқанат ПАЗЫЛБЕКОВ
14 желтоқсан 2019 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам