Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шынардың көркем бұйымдары

Шынардың көркем бұйымдары

  Кәсіпкерлікке қадам жасап, отандық шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосып жүрген жастар бүгінде аз емес. Олар сапалы отандық өнімді шығаруды мақсат тұтып келеді. Бұл жобалар ел экономикасына серпіліс әкелері анық. Соңғы уақытта жастар тарапынан тың идеялар өмірге еніп, мемлекеттің зор көмегін алуда. Солардың бірі – Шынар Прекеева өзінің ізденімпаз қасиетімен ісін ілгері бастырып, ілкімді жобаны қолға алды.
 Әрбір кәсіпті қолға алған сәтте ең алдымен қаржылық қиындықтар кездесіп жатады. Шынар  өз  жоспарын жүзеге асыру үшін сондай қиындыққа кездесті. Алайда Шынар «қаржы қайдан келеді»? деп қарап отырған жоқ. Соның жолында ізденістер жасай жүріп, «Даму» қоры арқылы несие алуға мүмкіндік бар екенін естіді. Сол мекемеден несие алу мақсатында құжаттарын жинап, оны дамыту үшін қажетті қаржыға ие болды.
– Осы жылдың шілдесінде «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-не жабдықтар сатып алу үшін несие алуға өтінім бердім. Жоба «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен қолдау тапты. Бастаушы кәсіпкер ретінде кепілдік қамтамасыз етуге ұсынатын мүлігім болған жоқ. Сондықтан «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызы мөлшерінде өз кепілдігін берді. Қалған 15 пайызын өз депозит түрімдегі жинақтарымды кепілге бердім, – дейді Шынар.
Ол бала кезінен төсек-орын жабдығын тігу бойынша өз цехын ашуды армандаған. Арманы ақиқатқа айналды. Жылдар бойғы  жасаған жүйелі жобасы нәтижесінде  «Керім сұлу-Qyzylorda» тігін цехын ашты. Қазіргі уақытта оның тігін цехы әсіресе, инстаграм желісі арқылы көпшілікке кеңінен танылып келеді.  
– Қазір кәсіпкерлікке қолдау бар, неге оны пайдаланбасқа деп  ойлаймын. «Керім сұлудың» бір ерекшелігі – арнайы дизайн негізінде жұмыс жасаймыз. Біз тіккен бұйымдар өз орындарда қайталанбайды. Көрпе-төсек, қыз жасауы облыстың барлық ауданына және басқа да аймақтан тапсарыс қабылданады. Біз ұлттық нақышта, ою-өрнекпен безендіріп тігеміз. Жұмыс көп, сондықтан келесі жылдың басына дейін ешкімнен тапсырыс қабылдай алмаймыз. Қазір барлық жұмысты үйде атқарамыз. Жақын арада кәсіпті кеңейтіп, орталықтан цех ашпақпыз. Әсіресе, ұлттық ою-өрнегі бар жастықтар мен бесік жиынтығына тапсырыс көп. «Құдам құрдасымдай болсын, құдағайым сырласымдай болсын» деген арнайы тілек жазылған көрпе-төсекке сұраныс жоғары. Оған екі жастық сыйға беріледі, – дейді жас кәсіпкер Шынар Пірекеева.
        Жас кәсіпкердің тігін цехы көп сұранысқа ие болып отыр. Мұнда жастық бағасы 5-7 мыңның көлемі болса, көрпе 13-18 мыңның аралығын қамтиды. Кәсіпкер бағаны емес, сапаны басты орынға қойған. Бүгінде кәсіпкер 4 адамды еңбекпен қамтуда.
Жастайынан еңбекқорлықты жаны сүйетін Шынар арманының бір бөлігі орындалғанына қуанады. Ал, алдағы жетістіктер тек еңбек ету арқылы ғана еңсеріледі. Бұл тұрғыда ол өз жоспарын дайындап қойған. Сол арқылы арманына жетуге бірте-бірте қадам басып келеді. Тек артқа шегіну жоқ.
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. Қаншама теңгені кәсіп ашамын деп алып, еңбектеніп, соның нәтижесін шығармасаң бәрі құрдымға кетері анық. Сондықтан да әуелі ниет содан кейін еңбек керек.  Бұл – Шынар Мақсатқызының өмірлік ұстанымы.
 – Рас, қазіргі таңда қиындықтан қашып, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргісі келетіндер көбейді. Олай болса, Абай атамыз бес нәрседен қашық болу керектігін ескерткенде, оның ішінде еріншектік те бар екендігін естен шығармағанымыз абзал. Мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Олай болса берекелі істің басында жүріп, өз кәсібімізді дөңгеленту жолында жұмыс жасайық, – дейді ол.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
24 желтоқсан 2019 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам