Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көкжиегі кеңейген кәсіпкерлік

Көкжиегі кеңейген кәсіпкерлік

     Бүгінде елімізде жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі көпшілікке үлкен мүмкіндік көзі болып отыр. Жұртшылық мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін жіті түсіне бастаған. Соның нәтижесінде кәсіп ашқысы келетіндер қатары көбейген.
          Биыл аймақта тұрақты жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты жою мақсатындағы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші жылы қорытындыланды. Өңірде қарқын алған саланың бірі – кәсіпкерлік. Оны жыл санап жеке ісін бастағандардың артқанынан байқауға болады. Әсіресе, бизнеске жасалған қолайлы жағдайдан кейін азаматтардың мүмкіндікті қалт жібермегені анық.
          Осы орайда аймақта ірі, орта және шағын кәсіпкерлік иелері, осы саладағы мемлекеттік мекеме, қаржы институттары басшыларының басын қосқан жиын өтті. Бизнес-қауымдастық өкілдерімен өткен кездесуде аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов аталған саладағы оң өзгерістерге тоқталды.
– Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта нысандар саны 3081-ге ұлғайды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 6,7 пайызды құрап отыр. Облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бір бөлігі шағын және орта бизнесте еңбекпен қамтылып, нәтижесінде 163 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға дейін 35 пайызға жеткізу алға қойған міндеттің бірі. Бұл ретте аймақтың соңғы 5 жылдағы үлесі 16,9 пайызға жетті. Осы жылдың 6 айындағы көрсеткіш 4,9 пайыз болды, – деді облыс әкімі.
Кәсіпкерлікті дамыту аясында өңірде бизнестің «Жол картасы» әзірленіп, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Мәселен, осы жылы бұл бағытта 34 млрд теңге қаржы қаралған. Соған сәйкес 2433 жұмыссыз және өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтарға 1 млрд 74 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаржы берілген. Сондай-ақ дәл осындай санаттағы 1000-нан аса азаматқа 4 млрд теңгеге жуық шағын несие қарастырылған. Тұрақты кәсіп көзі болатын 134 жобаға «Бизнестің жол картасы 2020», «Қарапайым заттардың экономикасы»  бағдарламасы аясында төмен пайызбен несие берілген. Бұл – олардың кәсіп бастауына, бастаған ісін әрі қарай жандандыруына бағытталған шара. Ал жыл басынан бері 6 мыңға тарта азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытатын курстан өткен.
Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өткізілген республикалық «Алтын сапа» байқауында Сыр өңірінің СКЗ және «Абай-Дәулет» ЖШС үздіктер қатарынан көрініп, аймақтың кәсіпкерлік саладағы толымды тірлігін танытқан еді. Жиында оны тілге тиек еткен облыс әкімі осы саланы дамытудағы еңбектері үшін бірқатар бизнес-қауымдастық өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
«Ақмешіт-ақпарат»
24 желтоқсан 2019 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам