Жаңа жобаларға − қайтарымсыз гранттар
Өткен жылдан бастап облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы жарияланды. Бүгінге дейін дейін аймақта 5118 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелді. Оның 85,6 пайызы, яғни, 43788 бірлігі жұмыс жасап, 93 мыңнан аса адам еңбекпен қамтылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
- Өңірде бұл бағытта 32 млрд. теңге тартылып, оның 3 млрд. теңгесі старт − ап жобаларға бағытталды. Ал биылғы жылға жобаға 34 млрд. теңге қарастырылған. 2013 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес−идеялар мен бизнес − инкубациялау шеңберінде шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грант беру конкурсы жүзеге асырылуда, − деді ол.
Зәуре Өксімбаева,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ−дің студенті.