Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мерекені қарсы алу қанша тұрады?

Мерекені қарсы алу қанша тұрады?

  Әлем елдері бойынша ерекше мереке – Жаңа жыл. Оны әр халық өз ұлттық болмысына, дәстүріне қарай тойлайды. Мәселен, Италия көптеген халықтар секілді жаңа жылда ескі заттардан құтылу керек деп есептейді екен. Ескісін терезеден лақтырып, жаңасына орын дайындайды. Біздің елде де осы дағды кеңінен қалыптасып келеді. Расында, бәріміз үйді арнайы тазартып, жиһаздарды ауыстырып, ерекше өзгеріс жасайтынымыз анық.
Шырша тойы мектептерде тойланды. Тіпті, балабақшадағы бүлдіршіннің өзі Аяз атаны кәдімгідей асыға күтеді. Бұл мереке балғындарға сондай ерекшелігімен өзінше қызық. Сол үшін кейбір кісілер баласын қуанту үшін үйіне арнайы Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Осы орайда, бір күндік мерекеге қарапайым халықтың қанша шығыны кетеді. Осыны бағамдап көрдік.
Мереке сәні – шыршаның өзі базарда 5 мыңнан 40 мың теңгеге дейін. Оған ілінетін ойыншықтар сапасына, түріне байланысты 200-2000 теңге аралығында. Аяз ата сыйлығының ең арзаны – 800 теңге. Ал бал-маскарадқа қажетті костюмнің бағасы 10 мың теңгеден  жоғары болса, оны жалға алу – 1000 теңге.
Ал, дастарқан мәзіріне қанша кетеді? Әдетте, Жаңа жыл кешіне ең алдымен тәтті тоқаштың бiрнеше түрiн әзiрленетіні белгілі. Сонан соң қазақтың ұлттық тағамы – етті қалайсыз ба? Дастарқанның көркін кіргізетін салаттың үш-төрт түрі міндетті түрде жасалады. Жеміс-жидектің де бірнеше түрі қажет. Бұған тәтті кәмпит пен мерекелік кешке арналған тортты қосыңыз. Есептеп көрсек, мұның барлығын алуға кем дегенде 30-40 мың теңгедей қаражат қажет. Одан әрісін өзіңіз байыптай беріңіз. Жаңа жыл қарсаңында бұдан басқа да шығындар аз емес. Салтанатты шараны мейрамханада тойлау үшін адам басына кемінде 8-10 мың теңге қажет болады. Демек, жылдың ауысуы қарсаңында қарапайым отбасылар 50-60 мыңге көлемінде қаржы жұмсайды.
Көптеген мамандар «Жаңа жылды шығыны мен шаттығы қоса жүретін мереке» деп есептейді. Аз қарапайым тұрғындар қалай тойлайды?
– Менiң ойымша, мерекелiк дастарқан әдеттегiден артығырақ қаржы жаратуды қажет етедi. Күнтiзбе бойынша жыл алмасқан күнi өз отбасыңмен дастарқан басында жиналасың. Оның үстiне балалар тәттi тағамдар мен жемiс-жидектi ұнатады. Меніңше, бұзылмайтын, сақтау мерзiмi ұзақ азық-түлiк пен күнделiктi тауарларды желтоқсан айының басында алған абзал. Бұл да қалтаңыздағы қаржыны үнемдеуге сеп болады, – дейді қала тұрғыны Жанерке Жүнісбаева.
 Ал, Жадыра есімді танысымыз  «Жаңа жылды қалай қарсы алса, солай өтедi» дегендi ескерiп, бүгінде жұрт шамадан тыс шығындалып жатады. Өз басым мұны құптамаймын. Дастарханға көбінесе қолдан пісірген тәттілерді қоямын. Бір күнге ысырап жасаудың қажеті жоқ секілді. Отбасымызбен шағын ғана дастархан жайып, жаңа жылдан жақсылық тілейміз» – деді ол.
 Жылнамның адамзатқа ортақ реттілік заңдылығы бойынша күнтізбенің ауысуы тарихи сәт екені белгілі. Десек те, 365 күннен тұратын есепті кезеңді қорытындылау үшін шыршаға шығындалып, Аяз атаға алданудың қаншалықты қажеттілігі бар? Әсілі, шығынды екшеген жөн шығар.
Десек те, осы мереке бір-бірімізді бір сәтке болса да қуантуға себеп екені рас. Әрбір үйдің  берекелі болуы жүрек түкпіріндегі ізгі ой екені белгілі. Төрімізге енгелі тұрған жаңа жылдан күтер үміт көп. Тышқан жылы жаңа мүмкіндіктер мен батыл бастамаларға жетелейтін жақсы жыл болғай! 
Айтолқын АЙТЖАНОВА
31 желтоқсан 2019 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 441 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам