Қызылордалық санитар дәрігерлер қарбызда нитраттың көп екенін анықтады
Қызылордалық санитар дәрігерлер «Қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңда» акциясын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған азық-түлік және өндірістік тауарлардың сапасына жүргізілген тексеру қорытындысы себеп болып отыр. Мәселен, зертханалық сынама жасалған 1747 өнімнің 200 ден астамы санитарлық және техникалық талаптарға сай келмейді.
Қарбызға жасалынған зертханалық сараптаманың нәтижесі екі-ақ минутта дайын болады. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында бұл қарбызда нитраттың көлемі артық екен анықталды. Сапасыз өнім Түркістан облысынан әкелінген.
«Жалпы сәйкестіктері анықталған сауда орындарынан өнімдер алынып тасталады. Оларға қаулы беріледі және сонымен қатар кәсіпкерлерге әкімшілік шаралар қолданылады. Яғни биылғы жылы төрт кәсіпкерге әкімшілік шара қолданылды. Сот орындарына осы сәйкестіктер анықталған өнімдерін сот орындарына беру арқылы сауда орындарынан алып тастаймыз», - дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Құлмаханова.
Сараптама қорытындыларының нәтижесі бойынша ет, балық, аспаздық өнімдерден ең көп сәйкессіздік шыққан. Мамандардың айтуынша, бұл мәселе негізінен сақтау талаптары мен тасымалдау тәрбітінің бұзылғанынан болады.
«Осы зерттеулердің нәтижесінде сәйкестік анықталған тауарлардың басым үлесі тағам өнімдері. Яғни осы тағамдардың физика-химиялық көрсеткіштері, органалептикалық көрсеткшітер және таңбалану бойынша сәйкестіктер анықталды. Ал балаларға арналған бұйымдардың ішінде ойыншықтарда таңбалану бойынша сәйкестіктер болды», - дейді техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Динара Жаңабергенова.
Акция алда жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындарға арнайы зертханаларда, сатып алған өнімдерінің сапасын тегін тексертуге мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық комитетінің сайтында қауіпті өнімдердің тізімі тұрақты беріліп отыратын болады.