Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақ басшысы Аралда болды

Аймақ басшысы Аралда болды

  Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Арал ауданына қарасты 12 елді мекенде болып, тұрғындармен кездесті. Негізгі мақсат — ауылдардың жағдайымен танысып, халықтың өтініш-тілектерін тыңдау, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
Алдымен аудан орталығынан шалғай орналасқан Жаңақұрылыс, Қаратерең, Қарашалаң, Бөген ауылдарында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауыл тұрғындары жол, ұялы байланыс желісін орнату, ғимараты ескірген балабақшалар мен ауылдық клуб үйлерін жаңарту және кейбір елдімекендерде аяқ су проблемасын шешу сияқты мәселелерін көтерді.
Облыс әкімімен кездесу барысында ауылдық округ әкімдері 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Ауыл тұрғындары көтерген өзекті проблемалардың бірі – Аманөткел ауылдық округіне қарасты Хан елді мекені тұсында орналасқан қалқымалы көпірді жаңарту мен Қарашалаң елді мекенінің жол мәселесі болды. Қуанышбек Ысқақов қалқымалы көпірге қатысты қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты, ал Қарашалаңдағы жолды жөндеуге қажет қаражат қаралған. Жөндеу жұмыстары биыл жүргізілетіндігін жеткізді.
Аймақ басшысының жұмыс сапары ертең де басқа елді мекендерде жалғасатын болады. 
09 қаңтар 2020 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам