Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақтөс қайда жүр?

Ақтөс қайда жүр?

    Жаһандану кезеңінде замана көшіне лайықты түрде ілесу – межелі міндет. Өркениетке өлшеусіз үлес қосамыз десек, қазірден-ақ жоспарлы түрде нақты қадамдар жасағанымыз абзал. Әлемдік кеңістікте білім деңгейін ғылым саласында жеткен жетістіктер арқылы анықтап жатады. Соның ішінде робототехника ғылымының адамзат өркениетіне қосар үлесі зор. Осыдан бірер жыл бұрын қызылордалық өнертапқыштар Арыстанбек Тұяқбаев пен Ұлжан Әбуованың инновациялық-технологиялық жобасы жарық көрген болатын. Отандық робототехниканың даму динамикасын арттырған бұл бастама Ақтөс атауымен көпшілікке таныстырылды. Жапон ғалымдарын таңдай қақтырған ақылды техниканың бүгінгі жай-күйі көпшілікті қызықтыратыны белгілі.  Ендеше, қазіргі таңда «ақылды Ақтөс қайда жүр?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.
          Ит кейпіндегі робот – ұзақ жылғы ізденістер мен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Ақтөс төрт аяғын тең басып жүре алады және кедергілерден айналып өтуге қабілетті. Роботтың микробақылауында арнайы бағдарлама жазылған. Қозғалыс орын алу үшін арнайы моторчиктер орнатылған. Сол арқылы қозғалыс жүзеге асады. Алғашқыда құрылғы іске қосқанда ол тепе-теңдікте тұра алмайтын. Кейін роботтың математикалық моделі құрастырылды. Градусы, бұрылу бұрыштары, күш әлеуеті қайта есептелінді. Қазіргі ішкі, сыртқы сипаты толық өзгерістен өткен нұсқа.
Әкелі-балалы Арыстанбек Тұяқбаев пен Ұлжан Әбуованың зертханада өткізген сынақ жұмыстары өз жемісін беріп, отандық ғылым тарихына төрт аяғын тең басқан алғашқы робот есебінде енді. Ұлжан Әбуова 2018 жылы жапон жерінде өткен көрмеге еліміздің атынан қатысып,  заманауи зертханалардың жұмысымен танысты. Шара барысында қызылордалық арудың робототехникалық өнертабысы әлем назарына алғаш ұсынылып, 12 мемлекеттік университеттен бақ сынаған жобалар қатарында оқ бойы озық көрінген еді.
          Бүгінде Ақтөс роботына оңтайландыру жұмыстары кешенді түрде жүзеге асуда. Ұлжан Әбуованың сөзіне сүйенсек, роботты модернизациялау мақсатында ақылды итке адамдардың бет-әлпетін, дауысын тани алатындай жасанды сана компоненттерін қосу қолға алынған. Кез келген роботына негізгі мақсаты – адам жұмысын жеңілдету. Осы негізде жоба авторлары «Ақтөс»-тің пультпен басқарылатынын айтып, ақылды күшіктің, әсіресе апат жағдайында адамға қол ұшын беретінін алға тартады. Мысалы, радиация кезінде роботты оқиға орнына жіберіп, қашықтықтан басқаруға болады. Жобаның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Толық жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда, уақыт пен қаражат тапшылығына байланысты жобаны жетілдіру кешеуілдеуде.
– Қазіргі таңда Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Робототехника» пәнінен дәріс беріп жүрмін. Ақтөс роботы білім алушыларға  арналған робототехника пәнінің негізгі оқу құралы деп есептесек те болады. Бұл салада жарық көрген оқулықтар жоқтың қасы. Дәрісханада топтасқан студент ерекше қызығушылықпен қатынасады. Оқу барысында Ақтөсті құраудағы ең алғашқы процесстерден бастап, толық роботты құрауға арналған әдістемелік құралдар мен аппараттық бөліктерімен жұмыстар жасалуда. Роботтың мақсаты білім алушылардың робототехника пәнін меңгеруде алған білімдерінің нәтижесі осындай және әртүрлі роботтар бола алатынын көрсету. Және осы белгілі процесстермен ғана шектеліп қоймай оны толық интеллектісін дамытуға болатындығы. Студенттерге робототехика пәнін барынша жеткізіп түсіндіруге тырысамын. Себебі, қазақ жастарын сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу қажет. Озық технологияны зерделеп, терең тамыр жібере алған жастар ғана бәсекеге қабілетті болмақ. Сонда ғана жаһандану дейтін жойқын күшке жұтылып кетпейміз,- деді Ұлжан Әбуова. 
Халыққа берері мол жобаны жүзеге асыруда қаражаттың тапшылығы қол байлайтыны белгілі. Қазақтың ғылымға деген көзқарасы қашан оң бағытқа бұрылар екен?! Ширек ғасырдан жаңа асқан мемлекет пен дамыған елді бір қатарға қойып салыстыру әсте болмас. Алайда, ақпараттық технологияларды иегеруде және басқаруда қазақ жастарының жолында кедергі болмаса дейміз. Бізге бірінші ақпараттық сауаттылықты арттырып, жылдамдыққа ілесуді нықтау керек. ХХІ ғасыр – жылдам ақпараттың уақыты. Себебі, сен өзгенің затын тұтынасың. Демек, сен өзіңнен өзгеге тәуелдісің. Неге бүгінде алпауыттар ІТ, робототехника салаларын дамытуды басты назарда ұстап отыр? Ал, жаңалығын жапон ғалымдары мойындаған Ұлжанның еңбегі қаржылай қиындықтарға тап болады. Осы сауалдың жауабын тапсақ, жобаны жетілдірудің жан-жақты ізденісі жүзеге асады.
Бауыржан ҚОЖАНТАЙ
15 қаңтар 2020 ж. 866 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам