Полицейлер үшін семинар өткізілді
Жаңақорған аудан прокуроры мен аудандық соттың төрайымы және аудандық қорғаушылардың қатысуымен Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінде жеке құрам үшін Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы семинар- сабақ өткізілді.
Семинарда аталған тақырып бойынша Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев баяндама жасады.
Жаңақорған АПб-нің жеке құрамы Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кәсіби - қызметтік даярлық сабағына арналған дәптерлеріне жазып алды.
Жаңа Заң қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамадан басқа, Қылмыстық-атқару кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексіне. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Медиация туралы», «Пробация туралы», «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы», «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы», «Алқабилер туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарына түзетулер енгізілді.
Семинар барысында Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжей талқыланып, пікір алмасулар болды.
Алдағы уақыттарда да жоспарлы іс-шаралар атқарылып, жеке құрамға арнайы сабақтар үнемі өткізіліп тұратын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі