Үкімет отырысы: 2020 жылы 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады
Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Премьер-министр халықты тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі Үкімет бақылауында тұрғанын жеткізді.
Премьер-министр халықты тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі Үкімет бақылауында тұрғанын жеткізді.
«2020 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. 11 тазарту құрылыстарын жаңғырту басталады. Жалпы, 2024 жылға дейін 53 тазарту құрылғысын 328 млрд теңгеге жаңғырту мен қайта жаңартуды аяқтау көзделіп отыр»,- деді А. Мамин.
Үкімет басшының айтуынша, газдандыру бойынша 44 жобаны іске асырған жағдайда табиғи газға қол жеткізген тұрғын саны 1,2 млн-ға артады.
Ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мәселесі де күн тәртібінде бар.
«Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде жаңа стандарттарға сәйкес 190 ауылда сапалы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 800 жоба іске асырылатын болады. Жалпы, алдағы 7 жылда 3,5 мыңнан астам ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 900 млрд теңге қарастырылған»,- деді Премьер-министр өз сөзінде.