Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

   Қазақстанда уақытша тіркелген, ЕАЭО елдерінен әкелінген автомобильдер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Уақытша тіркеу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілері, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ бастапқы тіркеу үшін төлем туралы түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж. Сондай-ақ, жыл бойы кейінге қалдыра отырып, кәдеге жарату алымы мен кедендік баж салығын төлеу мүмкіндігі пайда болды", - деп хабарлады Қожаев ОКҚ брифингінде.
"Бұл автомобильдерге арнайы серия мен түрдің мемлекеттік нөмірі беріледі, ал техпаспортқа аталған көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі енгізіледі. ІІМ сары фонда нөмір үлгісін шығарды. 18 цифры. Сонымен қатар, техпаспортта 2021 жылдың 1 наурызына дейін әрекет ету күні көрсетіледі", - деді ол.
"Егер азаматқа мұндай мүмкіндік берілсе және ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін төлемесе, кешіріңіз, оның құжаттары 1 наурызда аяқталады. Оның мемлекеттік нөмірі заңсыз болады. Әрине, полиция шектеу шараларын қабылдайды", - деді ол.
Еске салайық, 24 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандықтар ЕАЭО-дан елге жеткізген көліктерін бір айдың ішінде бір реттік тәртіппен жеке қолдануына уақытша тіркеуге қою мүмкіндігін беруді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

27 қаңтар 2020 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам