Жер бетіндегі ең батыр адам кім?
- Бауке айтыңызшы өзі, жер бетінде ең батыр адам кім? -депті.
Сонда батыр атамыз ойланбастан:
- Жер бетіндегі ең батыр адам... ол - қыз, -депті. Оның мәнісін сұрағанда былай деп жауап беріпті:
- Мен қанша батыр болсам да бөтен, танымайтын елге бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіре сыйлата да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді, - деген екен...