Түмендік туыс
Болжам мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады. Олардың 70%-дайы ауылды жерде. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 субъектісінде жинақы тұрып жатыр. Бұл – Алтай өлкесі, Астарахан, Орынбор, Самар, Қорған, Челебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде.
Солардың бірі – Есенғали Ыбраев. Ол 41 жаста, туған қаласы — Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы, «Статус-ТМР» бас директоры, Қазақтардың бүкіләлемдік қауымдастық президиумының мүшесі.
–Мен Түменде туып өстім. Менің атам отбасымен осында Солтүстік Қазақстаннан келіп тұрақтанды. Анам да Солтүстік Қазақстанның тумасы. Мектептен кейін жұмыс істеу үшін, Түменге көшіп келді және осында әкеммен танысты.
Түмен облысы Қазақстанмен шектеседі, сол себепті шектік аймақтарда көп қазақ тұрады. Жалпы облыс бойынша қазақтардың саны 20 000 мыңға жетеді, ал Түменде 5000-нан асады.
Түмендегі қазақтар әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Кәсіпкер көп, оған қоса құқық қорғау органдарында, прокуратурада қызмет атқарады. Көбісі фермер шаруашылығымен айналысады. Менің ойымша, қазақтарға осында өмір сүру ыңғайлы. Отаныңда болған кезде, сен өз аймағында екеніңді сезесің. Ал шет жерде жүрген кезде – барлық салт-дәстүрді қорғап, сақтауға тырысасың. Біз әлдеқайда мейірімдірек болып табыламыз, бір-бірімізге көмекке келуге дайынбыз. Қазақстаннан шет жердегі бірігіп өмір сүруімізге септігін тигізеді.
Түмендегі қазақтардың үлкен буыны тілді жақсы біледі. Қазақстаннан келетіндер біздің салт-дәстүрлеріміздің жақсы сақталғанын атап өтеді. Әрине, өсіп келе жатқан ұрпақтың туған тіліне, салт-дәстүріне байланысты қиындықтары бар. Бірақ көбісі балаларын Қазақстанға оқуға жібереді, олар азаматтық алып, сол жерде қалады.
Аудандарда тілді оқыту курстары, көптеген іс-шара өткізіледі. Мысалы, әрбір аудан Наурыз мейрамын атап өтеді. Жыл сайын біз өзіміздің облысымыздан бөлек, Томск, Қорған, Челябі облыстарының қазақтары қатысатын Құрылтай мейрамын өткіземіз. Осындай мейрам аясында қазақ ұлттық спорт ойындары бойынша жарыстар өтеді, киіз үйлер құрылады, ет әзірленеді.
Түменде қазақтар арасында ұлтаралық неке кеңге таралмаған. Барлығы көбінесе өз ұлтының өкіліне үйленеді. Менің ойымша, ұлтаралық некедегі адамдар бір-бірінің мәдениетін түсінбейді және бұл қиындық туғызуы мүмкін.
Біз өз мәдениетімізді білуге құмар болдық. Бұрын біз кітап, диск, кассета сатып алу үшін Қазақстанға баратынбыз. Қазіргі таңда интернет желісі арқылы кез келген қазақстандық фильмді көру, сүйікті әншіні тыңдау мүмкіндігі бар.
Мен тарихи фильмдерді ұнатамын, қазір «Қазақ хандығын» көріп жүрмін. Димаш Құдайбергенов Ресей елінде де танымал. Оның жанкүйері мен өнерін қадірлеуші көп, – дейді Ерғали.
Жалпы, Түмен облысында атқарушы билікке араласып жатқан азамат жетерлік. Олардың ішінде облыстық басқару органдарында қызмет істейтіндер бар.
Қ.Әбдуов