Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Қызылордада шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

 Қызылордалық полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінетін автокөліктер бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

17 қаңтардан бастап Арнайы авто халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

1-2 ақпан күндері орталыққа келген көлік иелерін полиция қызметкерлері тіркеу ережелерімен таныстырды. Азаматтардың барлық сұрақтарына мазмұнды жауаптар берілді.

Бұған қоса, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері баж салығының мөлшерін есептеуде.

Өткен демалыс күндері барлығы 28 азаматқа құқықтық кеңес берілді. Олардың 10 – і Армениядан, ал 18 –ы Ресей Федерациясынан әкелінген көліктер.

Тұрғындар өз кезегінде кеңес берген полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып жатыр. Полицейлер болса тұрғындарға апта бойы демалыссыз түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары мен қонақтары қосымша ақпарат алу үшін Саll-орталығына 8-747-514-19-30 телефоны арқылы хабарласуларына болады. Осы бағыттағы жұмыс күнделікті жалғасуда.
04 ақпан 2020 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам