Қала әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Қоғамдық кеңес отырысына қалалық мәслихат хатшысы, қалалық Қоғамдық Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қала тұрғындарын толғандырып жүрген ең өзекті деген мәселелер бойынша сұрақтарын ортаға салды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға бағасын берсе, қоғамдық кеңес мүшесі Д. Эшатова әлеуметтік желілерде көтерілген негізгі деген бірқатар мәселелерді көтеріп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Сонымен қатар, Э.Теңізбаев Қоғамдық кеңес пен қала әкімдігі арасындағы байланыстың ашықтығына ризашылығын білідіріп, Қызылорда қаласының негізгі қақпасы саналатын Темір жол вокзалының қазіргі жай-күйі, оны заман талабына сай жолаушыларға жайлы жағдай жасау туралы мәселені көтерді.
Қала әкімі көтерілген барлық сұрақтар мен ұсыныс-пікірлерге толық жауап беріп, кейбір ұсыныстар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмасын берді.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері әрбір атқарылған іске оң бағасын бере отырып, елдің ертеңі үшін маңызды мәселелерді бірлесе атқаруда табандылық танытатындықтарын жеткізді.