Шетел азаматтарын тіркеу рәсімдері жеңілдеді
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өзгерту күшіне енді, онда «шетелдіктерді тіркеу» ұғымы толығымен алынып тасталды.
Елдің көші-қон саясатын жаңғырту туристік және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.
Енді шетелдіктерді тіркеу ұғымы толығымен жойылады.Олар 30 күнтізбелік күн тіркелусіз елде болуы мүмкін, шекарада бұрын болған көші-қон картасын толтырудың қажеті жоқ. Көші-қон карталары айналымнан толық алынады бұл дегеніміз,Қазақстанға кіру кезінде шетелдік шекаралық бақылаудан өту кезінде автоматты түрде 30 күнге дейін есепке қойылады.
30 тәуліктен астам болған жағдайда шетелдікке елде уақытша тұруға рұқсат рәсімделеді.Бұл ретте рұқсат алу үшін ІІО-на шетел азаматының өзі өтініш білдірмейді. Шетелдіктердің келуі, болуы және уақытша тұруына рұқсатты рәсімдеу жауапкершілігі оларды қабылдаушы Тарапқа/жеке және заңды тұлғаға жүктеледі. Бұл ретте қабылдаушы тарап шетелдік қонақтың келгені жөнінде ол елге келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті.
Хабардар етудің үш жолы бар екендігі ескертіледі:
1.Хабардар визалық көші-қон порталы арқылы
2.Электрондық үкімет порталы арқылы.
3.Жазбаша көші-қон қызметі арқылы ескертіледі.
Егер Сіз осы жолды тандасаныз,онда қабылдаушы тарапқа электрондық цифлық қолтаңба жеткілікті, сондай-ақ жазбаша хабарлауға болады.
Бұл үшін қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келгені туралы жазбаша хабарлай отырып, көші-қон қызметіне жүгінеді.
Өтініш еркін нысанда жазылады Қазақстан Республикасына визалар бойынша келетін шетелдік азаматтардажеке есепке тұрудан босатылады.
30 күн елде болған соң шетелдік не істеу керек
Егер шетелдік рұқсат етілген елде болған соң 30 күн қалуға ниет білдіру /жұмысқа,оқуға,емделуге т.б/онда ол уақытша тұруға рұқсат (РВП) ала отырып, өзінің болуын ұзарта алады, ол оған елде бір жылға дейін болуға құқық береді.
Бұл рұқсаттың ең ұзақ мерзімі. Тіркеу үшін негізі уақытша тұру болып табылады–рұқсат беру қызметін заңдастыру,рұқсат берілген жергілікті атқарушы органдар өтініші оқу немесе медициналық мекемелер.
Шетелдік азамат қабылдаушы тараптың өтініші бойынша ғана уақытша тұруды тіркейтін болады.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген жеке және заңды тұлғаларға.
Қабылдаушы тараптың жауапкершілігі: қабылдаушы тарап шетелдік адамның ел аумағына келгені туралы көші-қон қызметіне хабарламағаны, шетелдікке уақытша тұруды тіркеуді рәсімдегені үшін жауапты болады.
Өз кезегінде шетелдікті қабылдаушы тараптар (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-профилактикалық мекемелер, жеке тұлғалар және т.б.) үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетел азаматы туралы хабардар етуге міндетті.
Бұл талаптар бұзылған жағдайда заңнамаға сәйкес қабылдаушы тарап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. (Жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға- 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне- 15, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Г.Есенова,
ҚПБ КҚҚб-нің аға инспекторы полиция майоры