Маңызды жобаның бірі
Әкім есебінде қаладағы маңызды жобалардың бірі жол жөндеу екені атап айтылды. Шынында да қала тұрғындарының ұсыныс-пікіріннің басым бөлігі жол мәселесіне арналатыны белгілі.
Сандарды сөйлетсек: 2019 жылы 1 млрд 152 млн теңгеге 75,6 шақырымды құрайтын 181 көшеге орташа, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 500 млн теңгеге қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің 25 шақырымды құрайтын 28 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.