Цифрлы технология
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыруда қалада соңғы 2 жыл көлемінде «Ақылды қала» жобасы қолға алынған. Соған сай бірқатар жұмыс атқарылуда. Айталық, қаладағы 170 көпқабатты тұрғын үй «Смарт квартал» жобасына еніп, цифрлы есептеме қондырғыларымен жабдықталды. Мұнымен қоса биылдан бастап «Электронды билет жобасымен» қоғамдық көлік саласын цифрландыру, 26 аялдамаға «Электронды ақпараттық табло орнату» жұмыстары жүргізілуде.
Ал, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арқылы барлық әлеуметтік нысанда, мектеп пен музейлерде, темір жол, автовокзал аумағында көп функциялы цифрлық бейне бақылау камералары орнатылады. Мұның тиімділігі сол, көлік қатынасы қарқынды көшелерде жол қауіпсіздігін бақылауға мол мүмкіндік береді.