Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Гәп гастарбайтерде

Гәп гастарбайтерде

   Өкінішке орай, өткен жылы өзбектер жылдағыдан аз болды. Өйткені өз елінде құрылыс қарқын алып, соған тартылды деген мәлімет бар. Онан бөлек, жаңа Түркістан облысының құрылысына да гастербайтердің қол күшінің аса қажеттігі тындады. Осының әсері болар, Қызылордаға келушілер саны күрт төмендеді. Дегенмен, бұл жағдай тым жоқ деген сөз емес. Әлі де болса жеткілікті. Жеке тұлғаны былай қойғанда, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік жобалардың атқарылуына осы гастербайтердің ықпалы зор. Әрине, арзан жұмысшы қолына ықылас ерекше. Сондықтан жұмыс беруші өзбектерге өзегін жұлып беруге дайын. Оның себебі көп.
Бір қарағанда, бәрі де қолмен қойғандай тәп-тәуір дүние секілді. Жұмыс бітсе, уайымы қайтып, сабыры сабасына түссе, онан артық не керек?
Шамамен айтсақ, жылына Қызылорда облысына мыңдаған өзбек жұмысшысы келеді. Олардың бригадирлері жергілікті азаматтар. Көпшілігі полиция саласынан зейнетке шыққан зейнеткерлер. Тұрақты тіркеуге қойып, бөтенге «жем» болмауға тірек ретінде қадағалап отыратын аталған тұлғалар. Есесіне гастербайтердің үстінен күреп ақша табады. Клиентпен келісіп, бағасын шешетін солар. Өзбек үшін қанша көлемге келісті,оның қанша ақшасы тиесілі, бұған бас ауыртпайды. Барға қанағат етеді. Жалдамалы жұмысшының тілегі –жұмыс үзілмесе, құрылыс материалдары тоқтаусыз тасымалданса, құрылыс нысаны тұрақты табылып тұрса, тамағы тоқ болса жеткілікті. Тиыннан да толайым табыс құралады. Жалпы, жылына аймақтан қанша ақша шет ел асып жатқанын ешкім дөп басып айта алмайды. Ондай есеп бізде жүргізілмейді. Немесе мәлімет дұрыс берілмейді.
Осы орайда кімге болса да бір ой келеді: «Өзіміздің жергілікті жігіттерге неге жұмыс бермейді? Өзбектің істегенін біздікі де бітіреді» деген. Объективті түрде қарасаңыз орынды сұрақ. Ешқандай шүбә келтірмейміз. Бірақ... ия, бізді бір-ақ бүлдіреді. Тәжірибе жүзінде салыстырмалы көргенбіз. Айырмашылық жер мен көктей.
Біріншіден, біз іске салғырт қараймыз. Жауапкершілік жоқтың қасы. Тірлікке тал түсте кірісіп, кеш болмай кетуге асығамыз. Екі күн істеп аванс сұрайды. Қолына ақша тисе итпен іздеп тауып көр. Осындай олқылықты сезінген кісі басын аулақ ұстайды. Әрине, бәрін солай деу артықтау, алайда көпшілігінің дерті бір.
Өткен жылы құрылыс жүргізіп,  сынақ жасағанмын. Соның қорытындысы осындай ойға жетеледі.
Енді көші-қон полициясының дерегіне сүйенсек деймін. Өткен жылы облысқа қанша гастербайтер келді? Бұл сұраққа Облыстық полиция департаменті Көші-қон басқармасының бастығы, полиция подполковнигі  Аруын Жолдасбаев жауап береді.
Өткен 2019 жылдың 12 айында облыс көлемінде 27297 шет ел азаматы жұмыс істесе, оның 24486-ы Өзбекстан азаматы болды. Жалпы, Өзбекстан Республикасының 14354 азаматы біздің елде жұмыс жасау үшін еңбегін заңдастырған. 
Ойды ой қуады. Сөз соның ырғағымен шығады. Біз сөйледік. Бар нәрсені айттық. Оғаш жері болса ойып тастап, ой қосарсыз. Рас, бір шындықтың шымылдығын ашуға тырыстық. Мәселе, құрылыс, не ұлтта емес, гәп гастербайтерде.
Қ.Құрбан.
11 ақпан 2020 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам