Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨЗБЕКТЕР ЕСКІ БҰЙЫМҒА НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?

ӨЗБЕКТЕР ЕСКІ БҰЙЫМҒА НЕГЕ ҚЫЗЫҚТЫ?

   Өзіндік салт-дәстүрі, тілі, Отаны бар, мейіз аралас палауын жеп, одан кейін міндеті түрде көк шәйін ішіп отыратын өзбектер өзгеше халық... Базарға бара қалсаңыз қаптаған өзбек ағайындарды көресіз. Тіпті, кейбірі отбасымен келіп, сауда жасауда. Адаммен сөйлесуінің өзі басқаша. Майдалап алып, өздеріне баурап алатын қасиеті тағы бар.
Ала жаздай қазекем демалды. Кейбірі отбасымен теңіз жағалауына кетті. Той өткізді. Ал, өзбектер әр жаққ барып үй салды. Яғни, құрылыс басында да солар жүр. Неге? Өйткені, олар біз айтқан бағаға келіседі. Есесіне бейнеткеш, жұмысты ерте бітіруге тырысады.
Күз келіп, күн салқындай бастады. Олардың демалатын түрі жоқ. Бір таңғалатыным, шаршамайтын, ерінбейтін халық. Баласына дейін еңбекқор. Біздің қазақтың балалары ойыннан шаршап ұйықтаса, өзбектің кішкентайлары «Ертеңгі табысым қандай болады екен?» деп жататын көрінеді. Сонда қараңыз, баланы жастайынан ақша табуға, еңбек етуге үйретеді.
Енді кейбірі көше кезіп, үй аралап жүр. Еріксіз қарап, олар неғып жүр деп ойлайсыз? Сондағы мақсаты – бірталай жыл бұрынғы шыққан ескі ұялы телефонды, баяғы құндыз пальтоның жағасы мен құлақшынды алуда. Оның орнына пластмассадан жасалған леген, құман секілді өздерінен шығатын өнімге айырбастауда. Ол ескі телефонды неге пайдалануы мүмкін? Ол жағы құпия. «Өз керегімізге жаратамыз» деп нақты жауаптан бастартты. Бәлкім, сол кездегі телефонның ішінде бір керекті зат болған шығар деген ой келді маған.
Ал, құлақшынның жайы белгілі. Оны өңдеп, жаңартып, сыртқы киімнің жағасына қолданады. Бірақ, қазақта бас киімді басқаға бермейді. Себебі, «Береке қашады» деген ырым бар. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын қазақы тақыр кілемді алудың науқаны жүрген еді. Сондай да көнекөз қариялар: «Е, өзбектер өте ақылды. Олар бірнәрсені қолға алса, себепсіз жасамайды. Демек, бір ойлары бар» деп отыратын. Әйтеуір, бізде үйдегі ескі заттардан құтылғанша асығып, дереу өткізудің амалын жасауға дайынбыз. Күндердің күнінде керек болып қалады-ау деген ойды ысырып қоямыз.

ОЛАР ҚАНДАЙ ХАЛЫҚ?

Содан кейін ақырындап өзбектер жайлы зерттеп көрдім. Ата кәсібі – егіншілік, сауда, ұсталық, үлкен ауылды жерлерде қолөнер жақсы дамыған. Сондай-ақ, олар тігіншілік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәттілер шығару секілді кәсіпті кеңінен меңгерген.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша өзбек халқы шәйды шамалап қана құяды екен. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шәйі да аз болады. Осы салт-дәстүрдің мағынасы мынада: келген қонақ үй иесінен көбірек шәй сұраса, жақсы ырым болып табылады. Бұл үйді сыйлаудың белгісі. Егер кесенің түбінде кішкене шәй қалып қойса, оны төгіп, жаңа шәй құйып береді екен.
Жасыратыны жоқ, қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген азаматтарды жиі көреміз. Біздің қазақтар «Өзбек ағайындар өз елінде күнін көре алмай, осында келіп жүр» дегенді бірінен-бірі жаттап алған. Бұл – мүлде қате пікір. Біріншіден, алты құрлықты аралап әртүрлі кәсіппен айналысу – өзбектің ата кәсібі. Екіншіден, бұл – ХХІ ғасырға тән құбылыс. Бүгінде бүкіл түріктер мен африкалықтар – Еуропаға, оңтүстік америкалықтар АҚШ-қа барып әрі ел, жер көріп, қосымша табыс тауып қайтады. Қазақстанға келіп жұмыс істеп жүрген өзбектер – Өзбекстанда үй-жайы, мал-жаны, тәп-тәуір қора-қопсысы бар адамдар. Ол жақтағы шаруаларын солар жүргізеді.
Ал, қазекем әйеліне бір көлік, өзіне бір көлік алып, қысы-жазы той өткізгенге мәз. Өзбекстанда азық-түлік, жанар-жағармай және әртүрлі қызмет түрлері біздегіден әлдеқайда арзан. Бір өзбектің Қазақстанда тапқан 1000 доллары оның 5-6 баласы мен әйелін бір жыл асырауға жетеді екен. Оған қоса оның өз елінде азды-көпті қора-қопсысы, бау-бақшасы тағы бар. Олардың жері – аз. Бірақ халқы көп. Әр өзбектің үйінде 9-10-ға дейін бала бар. Көбіне көпбалалы отбасы болып келеді.
Егер әр өзбек 5-6 айдың ішінде Қазақстаннан 2-3 мың доллар тауып, еліне жібергеннің өзінде біздің қаншама ақша Өзбекстанға кетіп жатқанын есептей беріңіз. Иә, өзіндік тыныс-тіршілігі бар көрші елдегі жағдай осындай. Алдымен ақша табуды ойлаған олардың біздің көшені жағалап, қазақтың есігін қағып, құндыз жаға мен құлақшынды, ескі қалта телефондарға неге құмартып жүргенін нақты біле алмадық. Олар оны бір кәделеріне жаратқанда, біздерге неге оны іске асырмасқа деген ой келеді тағы да... Иә, әр ісін құпия ұстағанды ұнататын халық екенін ұқтық.
Ескі заттан арыламыз деп берекеміз қоса қашырып алмайық! Ойланайықшы, ағайын...

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
10 қыркүйек 2018 ж. 2 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам