Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Бәсіре

   Қолымыз босағанда елдегі ағайынның той-томалағына қолымыз босағанда барып, жасы үлкендерге сәлем беріп, батасын алып, марқайып қайтамыз.
Сондай бір сәті түскен күні ауылға сапарға шықтық. Жаз мезгілі. Шуақты күннің сәулесі төгіліп тұр. Жақсылықтың хабаршысындай қаумалаған ауыл адамдары ығы-жығы. Біз барған үйден кішігірім тойдың нышаны сезіледі. Асаба да дастарханға отырғаннан соң отырыстың сәнін кіргізе түсті. «Қазақта сәби дүниеге келген күннен бастап оның әрбір қадамы назардан тыс қалмай, түрлі салт-дәстүрмен және ырымдармен аталып отырған. Сондай салттың бірі – бәсіре. Бүгін өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп рухани ой-санамыз жаңғырып отырғанда ұмытылған дәстүрлер қайта аталуы өте құптарлық жай» деп той бастаушы жиылған қауымның назарын өзіне аударды.  Оның айтуынша,  қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атап берген бәсіремен байланысты болады екен. Жас өренді бәсіре атқа мінгізу арқылы оны мықты әрі нағыз ер адам етіп тәрбиелеп, еңбекке баулығанын айтты. Тарту етілген жылқыны ырым бойынша ешкімге беруге немесе сатуға болмайды. Асабаның бұл тойға жан-жақты, терең дайындалып келгені сезілді. Сілтідей тыныштық орнады. Той ұлағат бесігі болуы тиіс деген пікір өте орынды айтылған.
Сол тойдан түйгенімді қойын дәптеріме түртіп алдым.  «Бәсіре» деп нәрестемен бір мезгілде төлдеген құлынды атайды. Ол 4-5 жастағы  ер балаға беріледі. Оны баланың ата-анасы немесе нағашысы сыйлауы тиіс. Ал атты тайдың иесі өзі баптап, бәйгеге қосады. Атқа мінген жеткіншек кішкентай кезінен шыңдалып, шымыр болып өсіп-жетіледі. Сыйға тартқан бәсіресі өсіп келе жатқан баланы болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деп ырымдаған. Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан дәстүрлері өмірге қайта оралып жатқанына сүйсіндік.
 
                                                                                  «Ақмешіт-ақпарат»
13 ақпан 2020 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 082 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам