Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құда-құда дегізген...

Құда-құда дегізген...

  Қазақ халқы салт пен дәстүрге, әдет пен ғұрыпқа, мәдениетке бай. Қазанға ет салып қонағына құрмет жасай біледі. «Той десе қу бас домалайды» дейді халқымыз. Бұл жөнінен ерекшеленіп алда тұруды жақсы көреді. Осындай сый-құрмет құдалық барсында да жасалатыны белгілі. Мұнда қыз бен жігіт жақ өздерінің жақын жандарын шақырып, таныстыру ретінде құдалық жасайды. Осындай бір тойда керемет көрініске куә болдым. «Құйрық бауыр қайда? Тарататын уақыт болды» деп жеңгейлер шуылдаса түсті. Сол уақытта қоңыр даусымен әндете келген Мөлдір жеңгем:
Құда-құда деседі
Құйрық бауыр жеседі.
Құйрық бауыр жескен соң
Нағыз құда деседі, – деп құйрық-бауыр ұсынып жатты.
Көзге көркем көрінген көрініс жанымызды жылытты. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ерекше орны бар бұл дәстүр жастарға үлкен тәлім-тәрбие көрсетеді. Талай тойдың сәнін келтіріп, аталмыш жоралғыны жасап жүрген Мөлдір жеңгем ол жайында маған мағыналы әңгімесіе шертті.
 – Бұл дәм – қойдың құйрық майы мен бауырынан дайындалады. Құйрық та, бауыр да жұқа әрі үш бұрыштап қиялап кесіледі. Дастарқанға жайпақ ыдысқа салынып әкелінеді. Ол үшін бір тілім бауырдың үстіне бір тілім құйрық салынады. Әсемдік үшін бетіне көк жуа, аскөк себуге болады. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет-ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай-ақ, осы салтта да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Өлеңді әртүрлі әзілмен айтып жүретіндер де бар.  Бұрын өлеңсіз тарата беретін еді. Қазіргі таңда құйрық-бауырды әндете жүріп, құдаларға тарату өріс алып келеді. Бұл – қуантарлық жағдай. Сондықтан осы әнді арнайы жаттап, дәстүрдің сәнін келтіріп жүрген жайым бар,  – деді ол.
Құдалықтың сәнін келтіретін аталмыш дәстүрдің қазіргі уақытта өз мәнін жоймағанын тілейді көпшілік. Себебі құдалықтың  орны бөлек.
–Құйрық-бауыр – құда болудың заңды белгісі, құжаты секілді. Оның өзіне тән орындалу шарты бар. Тойға келген құдалар жасы үлкенінен бастап құйрық-бауырдың дәмін татады.  «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп оны қалыңдық пен күйеу жігіттің жеңгелері орындайды. Бұл – жаңа таныс болып жатқан туыстардың арасын жақындату мақсатындағы ырымның бірі. Бұл салтты орындаған әйел кісілердің табағын бос қайтармас үшін одан дәм татқан әрбір қонақ ырым жасап өз кәдесін береді. Бүгінгі күні ол ақшалай түрде салынады, – деді Базаркүл Байдалиева әжеміз.
Атадан-балаға мирас болып келе жатқан қазақтығымызды көрсететін құндылықтар бүгінде жалғасын табуы оңды. Сондықтан да уақыт тезінен өтіп, кейбір дәстүрлер мәнін жоймас үшін болашақ ұрпаққа аманаттау қажет-ақ. Оларды дәріптеу де міндет. Біздің де негізгі мақсатымыз – осы.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
15 қаңтар 2019 ж. 2 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам