Кезекті қулық: тергеу изоляторына айранның ішінде есірткі өткізбек болды
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі.
ҚАЖ мекемесінде отырған тергеу-қамауындағы азаматқа келген танысының сәлем- сауқатынан 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішінен 2 дана полиэтилен пакетке оралған зат табылды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297- бабы 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД