Қызылордада баласына аяқ киім арқылы есірткі алып өтпек болған әйел ұсталды

ЗК-169/1 мекемесінде ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен қамауда ұсталушы А. деген азаматқа анасы В есімді азаматша кездесуге келеді. Анасы өзімен бірге алып келген затты , баласының аяқ киімінің ішіне жасырып 1 дана газет қиындысына оралған жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тәріздес затын өткізбекші болған.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, Қызылорда ҚПБ-ның жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленді.
Сот сараптамасының қорытындысымен «кептірілген марихуана» екені анықталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті