Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

АРНАЙЫ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

 Қызылорда қаласында «Қыс-2017» шарасы аясында «Қызылорда су жүйесі» МКК бас тоған су алу ғимаратында қатты әсер ететін улы заттың (хлор) төгілгені жөнінде Департаменттің Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісіне хабар түсті.
Оқу-жаттығуды өткізудің жоспарына сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің барлық диспетчерлік-кезекшілік қызметтері құлақтандырылды.
Бірінші кезекте «Қызылорда су жүйесі» МКК бас тоған су алу имаратындағы барлық қызмет көрсетуші персоналдарды қауіпсіз жерге көшіру, радиациялық және химиялық қорғау қызметі төтенше жағдайдың шекарасын және қауіптің қаншалықты екенін анықтады.
Екінші кезекте анықталған төтенше жағдайдың шекарасын төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау тобымен қоршауға алу, зақымдалған бұлттың жылжу бағытындағы халықты құлақтандыру, эвакуациялау және төтенше жағдай аймағында зардап шеккен 3 қызметкерді ТЖ аймағынан алып шығу мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жасалды.
Үшінші кезекте өрт сөндіру қызметінің күштерімен зақымдалған бұлтқа шашыраңқы су беру арқылы жерге отырғызып, инженерлік қызмет күштерімен зақымдалған жерді алып, қала сыртына көму жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш оқу-жаттығуға 16 құрылым, 32 техника, 188 адам қатысып, оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару құрылымдарының қыс мезгілінде халықты сумен жабдықтау барысында болуы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет етуі пысықталды.
15 қараша 2017 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам