Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 200 отбасы табыс көзін жасырған

200 отбасы табыс көзін жасырған

   Биылғы жоспарға сәйкес қалада 12 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Ол үшін республика және жергілікті бюджетті қосқанда 4 млрд 19 млн 620 мың теңге қарастырылған. Ал, жыл басынан бастап 2918 аз қамтылған отбасыға аталған жәрдемақы тағайындалған.
          Бір қызығы, бұл жолы да табысын жасырған, жалған ақпарат берген 200 отбасы анықталыпты. Оларға жәрдемақы төлеу ресми түрде тоқтатылған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметованың айтуынша, 2019-2020 жылдың есебі бойынша әлеуметтік көмек алатындар саны 4,8 есеге төмендеген. Яғни, былтыр 15 мың отбасыға жәрдемақы төленсе, осы жылы ол 3118-ді құрап отыр.  Сондай-ақ, биыл тұрмысы төмен отбасының еңбекке қабілетті азаматын жұмыспен қамтудағы талап күшейеді. Ол өз сөзінде ұсынылған жұмыстан бас тартқан азаматтың отбасы түгелдей арнаулы көмектен шеттетілетінін атап өтті. 
          Тағы бір айта кетер жайт, атаулы әлеуметтік көмек негізінде балаларға берілетін тағамдар мен гигиеналық құралдар келесі аптадан бастап таратылады. Мұндай әлеуметтік пакет қалада 11527 балаға қарастырылған. Осы орайда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік пакетке енетін құралдардың сапасына баса көңіл бөлуді нықтап тапсырды. Әлеуметтік көмек беруде мониторинг жүргізу, кіріс көзін жасыратындарды анықтау, қатаң бақылау, халыққа түсіндірме жүргізуді де міндеттеді. Айтпақшы, шаһар басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінің еңбегін ерекше бағалады. Оларға сыйақы беруді қарастыру керегін алға тартты.
          Күн тәртібіндегі келесі мәселе білім беру ісі жөнінде өрбіді. Қаладағы 88 білім беру ошағының, 6 жеке меншік мектеп пен 209 балабақшаның хал-ахуалын қалалық білім бөлімінің басшысы Меруерт Әбдіхалықова баяндады. Жалпы, облыс орталығындағы барлық оқыту орны компьютерлік құрал-жабдықпен қамтылып, ғаламтор, электронды күнделік жүйесіне толық қосылған. Мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдар да бәріне түгел жетеді. Білімді оқушы да, білікті ұстаз да баршылық. Әрбір білім ошағында әкелер, аналар ұйымы құрылып, тығыз байланыс жасау жолға қойылған. Бірақ, кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі алаңтады. Жиында жеткіншектердің тәрбие, тәртіп жайы талқыланды. Тәрбиесіз білімнің болмайтыны секілді, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізу сөз болды. Ата-ана, ұстаз, білім ордасы, мектеп инспекторы бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігі қарастырылды. Мұның барлығы бұрыннан қолға алынған дүние. Дегенмен оның жұмысын күшейту, үйірмелерді жандандыру, оқушылармен пайдалы кездесулер ұйымдастыру міндеттелді. Көпшілік тараптан тәрбие ісін жүргізуге имамдарды тарту ұсынылды.
Бұдан бөлек шаһар басшысы ақпараттық-технологиялық мектеп статусын алған 5 білім ордасының бүгінгі жай-күйін сұрады. Қазіргі таңда бұл санаттағы мектептер жеті Led панель және екі 3Д ноутбукпен қамтылған.  Ал, алдағы уақытта 48 жаңа кабинет ашылып, оның 15-і 3Д бөлмеге айналады. Қала әкімі өз кезегінде олардың атына заты сай болу керек дегенді айтты.  
Айдана СЕЙІЛ
22 ақпан 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам