Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

Наурыз

  Тіршіліктің таңдайын жіпсітіп күн қызып келеді. Қара табаннан сүліктей сорып, күллі денесін кеулеп еніп келе жатқан әлдебір жылымық бүкіл буын-буынды босатып маужырата бастады. Ескен  жұмсақ самал мейірімді мезгілдің мінезін байқатып, қытықтайды да бұғаулы бойға қан жүгірткендей қылық танытатын секілді.
...Бие туды. Жақұт жануарым-ай, шұрқырай кісінеген желідегі құлынына қарап, елеңдесіп қалады. Қыс бойы таңдайға қаймақ тимеген еді, жаратқан ием жарылқады-ау! Бір бие бұлақтың басы, екі бие елдің асы. Ақ мол болсын, айдар малға толсын!
...Жерге жан кірді. Байлаудағы бұзаудай бүйіріңді қасынып үйде отыру жараспайды. Диқан соқасын сайлап, тұқымын таңдап тұр. Жер жомарттығына жетпеген сенің жігерсіздігің. Ал, енді іске сәт!
... Су келді. Шөліркеп жатқан дархан даланы исіндіріп кетер тіршілік көзі. Аз деп алаңдамай, көп деп көлгірсіме. Қажетіңді алуға қамыңды жаса. Ылғал мол болса, ырзығың да мол.
...О, құдіретті көктем! Тіршіліктің томағасын шешіп, табиғатты түрлендірдің. Елді бірлікке шақырып, тірлікке тамыр байладың. Енді несібені аямай, тоқшылыққа тілек бер. Тәуекелге тәубе етіп тілегеннің таразысына тең ет. Бұл көктем берекенің бастауы болып, жұртшылықты жарылқай берсін!
Қ.Құрбан
03 наурыз 2020 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 215 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам