Өнімдерден ішек таяқшалары табылды
Облыс көлемінде жыл басынан бері өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға барлығы 607 өнім сатып алынды. «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының зертханасында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде сатып алынған барлық өнімнің 37 үлгісі техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген.
Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша–9, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша – 6, таңбалануы бойынша – 22 сәйкессіздік анықталды.
Тұтынушылардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтардың бірі – өнім құрамында ішек таяқшалары тобы бактерияларының анықталуы. Азық-түлік өнімдеріндегі ішек таяқшалары тобындағы бактериялардың табылуы тағамнан уланудың ең жиі себептерінің бірі болып саналады. Таяқшалар көбінесе асқазан-ішек жолдарына түседі, тиісінше олар АІЖ ауруларын, сондай-ақ улану симптоматикасымен жүретін ішек инфекцияларын тудырады. Өнімдер қауіпсіздігін мониторингілеу барысында ішек таяқшалары тобындағы бактериялар 6 өнімнен, атап айтқанда құс еті және құс еті өнімдері, ет және ет өнімдері, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдерінен анықталып отыр. Олар:
Құс еті және құс еті өнімдері
1.Бройлер-балапан сирақ еті, мұздатылған МПК «УСА»
ООО «УСА» Ресей өнімі;
2. Мұздатылған балапан-бройлер сирақ еті
ЖАҚ "Серволюкс Агро", Беларусь Республикасы өнімі;
3.Бройлер балапаны «Алатау құс» АҚ, отандық өнім
Ет және ет өнімдері
1.Тартылған ет майымен ЖК "Алменов" ҚР, отандық өнім;
2.Шұжық (асылған) пісірілген «Мұсылмандық» «АМАНАТ», отандық өнім
Анықталған техникалық регламенттер талаптарының сәйкессіздіктері бойынша барлық жеке кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.
Бұдан бөлек, барлық анықталған сәйкессіздіктер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде жарияланады. Бұл ақпарат барлық тұтынушыларға арнайы сайт және смартфондағы Wipon мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.
Сауда орындарынан өнімдерді сатып алған кезде, ең алдымен, сатып алынатын өнімнің сыртқы түріне, қаптамадағы тиісті ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде болуына, жарамдылық мерзіміне, сапасын растайтын құжаттардың болуына назар аударуға және сатып алғаннан кейін ет өнімдерін пайдаланар алдында мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізуге кеңес береміз.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті