Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайысын ұйымдастырды
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының іс-шаралар жоспарларының талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылады.
Сайысқа 46 үгітбригадасы қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой – пікірлерімен өздерінің үгіттеу шаралары мен миниатюра театрындағы қойылымдарында көрсете білді.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты ынталық танытқаны үшін 16 үгітбригада аталды. Олар: Қармақшы ауданы №29 орта мектеп, Қазалы ауданы №165 орта мектеп, Қармақшы ауданы №121 орта мектеп, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицей, Жаңақорған ауданы №180 орта мектеп, Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназия, Қармақшы ауданы №272 орта мектеп, Қазалы ауданы №100 орта мектеп, Сырдария ауданы №137 орта мектеп, Шиелі ауданы №207 орта мектеп, Қармақшы ауданы №28 орта мектеп, Қазалы ауданы №249 орта мектеп, Арал ауданы №14 мектеп-лицей, Қармақшы ауданы №106 орта мектеп, Шиелі ауданы №47 мектеп-лицей, Жалағаш ауданы №201 орта мектебі.
Өздерінің тапқырлығы мен жеңіске ынталығын танытқан сайыскерлер жеңімпаз атанды, оның ішінде 1 орын - Сырдария ауданы №131 орта мектеп , 2 орын - Сырдария ауданы №126 орта мектеп, 3 орын - Қазалы ауданы №70 орта мектеп.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі