Головкин мен Альварестің жұдырықтасатын күні белгілі болды

Стриминг көпшілік күткен бокс кешін осы жылдың 12 қыркүйегіне жоспарлауда.
Жекпе-жектің қайда болатыны кейінірек анықталады.
Алдын-ала болжам бойынша, Головкин-Альварес арасындағы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек Лас-Вегас пен Техас штатындағы спорт кешенінде өтеді.
Бәріміз білетіндей, қазақстандық боксшы мен мексикалық спортшының алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегасте өткен.
Қос спортшының арасындағы кездесуде тең есеп тіркелсе, екінші айқаста төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, осыған дейін ІBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз.
Осыған байланысты, Головкин мен оның командасы Халықаралық бокс федерациясына титулды қорғау үшін уақыт беруді сұраған еді.