Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛЬВАРЕС СОҢҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ГОЛОВКИН ЖЕҢГЕНІН МӘЛІМДЕДІ

АЛЬВАРЕС СОҢҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕ ГОЛОВКИН ЖЕҢГЕНІН МӘЛІМДЕДІ

     Колумбиялық Альварестің пікірінше, екінші жекпе-жекте Головкиннің жойқын соққылары "Канелоға" дөп тиген Жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша колумбиялық әлем чемпионы Элейдер Альварес өзімен тегі бірдей мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді екінші жекпе-жекте жеңді дегенге келіспейді, деп жазды Sports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, GGG мен "Канелоның" қарымта кездесуі 16 қыркүйек күні өтіп, төрешілердің шешімімен Сауль жеңіске жетті. Бір жыл бұрын алғашқы жекпе-жек тең аяқталған болатын.  
"Бұл жолы "Канело" жақсырақ жұдырықтасты, өйткені ол әрдайым алға ұмтылып отырды, дегенмен қарсыласының едәуір жойқын соққыларын өткізіп алды, сондықтан мен Головкин жеңді деп есептеймін. Бірақ кейде бокста мұндай жағдайлар болып тұрады", — деді Элейдер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте тағы да кездесуі мүмкін. Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Сауль үшінші жекпе-жек өткізудің шарттарын ұсынды. 
Оның пікірінше, оларды дәл қазір қайта жұдырықтастыру ақымақтық болады.
"Канело" супер жұлдыз ретінде өз жолымен жүре береді. Ол бұған осы соңғы жекпе-жектің арқасында жетіп отыр. Головкин қайта қалыпқа келіп, бірнеше боксшымен жұдырықтасып жеңіске жетсін. Содан кейін ғана біз оларды кездестіреміз", — деді ол.
sputniknews.kz


25 қыркүйек 2018 ж. 1 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам