Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оңалтудың оң нәтижесі

Оңалтудың оң нәтижесі

Денсаулық саласында енгізілген жаңа жүйеге сәйкес қазіргі таңда аурудың алдын-алу, оңалту шарасына басымдық берілуде. Соған сәйкес медициналық мекемелердегі реабилитациялық бөлім жұмысы жандана түспек. Әсіресе, хирургиялық ем алған науқастарға қажеті – осы. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басым бағытының бірі. Бұл бағыттағы шаралардың емдеу мекемелерінде жүзеге асырылуын облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов бағамдады.
          Тасбөгет кентінде орналасқан көпбейінді балалар ауруханасы аймақтағы 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсететін бірден-бір орын. Бүгінде онда 12 клиникалық, 2 параклиникалық және 3 хирургиялық бөлім жұмыс істейді. Одан бөлек стационарлық, жедел травматологиялық, кеңес беру диагностикалық қызметі тағы бар. Аурухана 350 орындық, науқас балаларға 92 дәрігер ем жүргізеді, барлығы да шетел де білім алып, тәжірибе жинақтаған мамандар. Соның нәтижесінде бүгінде ауыр диагнозбен туылған балаларға ота жасауды өздері қолға алған. Соңғы заманауи құрал-жабдықпен де қамтылған.  Биыл 628 млн теңгеге басқа да қажетті аппараттарды алу көзделіп отыр. Жалпы мекеменің мүмкіндігі жыл санап артып келеді.
Енді бұл мекемеде сақтандыру жүйесінің талабына сай 60 төсек орны бар оңалту бөлімі ашылды. Онда науқас балаларға 3 кезең бойынша қалпына келтіру шарасы жасалады. Оның ішінде физиотерапия, емдік массаж, дене шынықтыру, тұз шахтасы, бассейн сынды арнайы бөлме қарастырылған. Аурухананың бас дәрігері Зоя Рахатқызының айтуынша, мұндағы балалардың 80 проценті физиотерапиялық ем қабылдайды екен. Бұл емдеу шарасының өзі жаңа технологияның мүмкіндігіне сай бірнеше бағытта жүргізіледі. Әсіресе, мүгедек балаларды оңалтуға барынша жағдай жасалған.
Ал, №3 қалалық емхана аумағына 9 мөлтек аудан қарайтын, 500 ден аса тұрғынға ем-дом жүргізеді. Соңғы үлгіде құралдармен толық қамтылған емдеу мекемесі. Сандық жүйеге толықтай көшкен. Ем алушылар «Damu-Med» мобильді қосымшасы арқылы дәрігерге тіркелу, анализ қорытындысын білу, маманды үйге шақыру, жұмысқа жарамсыздық парағын көру сынды басқа қызметті қолдана алады. Компьютерлік жабдық, ғаламтор желісімен толық қамтамасыз етілген. Жалпы айтқанда, емхана саладағы жаңа жүйеге сақадай сай.
Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесі аясында облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында стоматологиялық кабинет өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда тегін медициналық көмек түрі бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың тісін емдейді.
Өз кезегінде облыс басшысының орынбасары осы орталықта орналасқан республикалық «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» облыстық филиалының жұмысына да куә болды. Орталық негізінен кохлеарлы имплантталған балалардың естуін, сөйлеуін қалыпқа келтіру, дамыту, оқыту ісімен айналысады. Мұндай диагнозбен аймақта 95 бала тіркеуде тұр екен. Өткен жылы осы орталықта ем алған 50 бала есту, сөйлеу қабілетін дамытып, жақсы нәтижеге қол жеткізген. Қажырлы еңбек, шыдамдылықты, сабырлылықты талап ететін істе аянбай тер төккен мамандардың басты жетістігі – балалардың қатарға қосылуы. Бұған ата-аналар да оң бағасын беріп, ризашылығын білдіруде.
Айдана СЕЙІЛ
14 наурыз 2020 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам