Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ет өнімдерінен бактерия табылды

Ет өнімдерінен бактерия табылды

Тұрғындар көп тұтынатын өнімдерден ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды. «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалы мамандарының зерттеуімен бірқатар өнімнің адам азғасына зиян екендігі анықталған.
          Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жыл басынан бері 600-ден аса өнімге зертханалық сараптама жүргізген. Нәтижесінде оның 37-нің техникалық регламент талабына сай келмеген. Атап айтсақ, микробиологиялық көрсеткіш – 9, физикалық-химиялық көрсеткіш – 6, таңбалануы бойынша – 22 тауар сәйкессіздігі белгілі болған. Аталған өнімдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген. Өкініштісі сол, олардың кейбірінен асқазан-ішек жолдарының инфекциясына әкелетін қауіпті бактериялар тобының табылуы.
– Ағзаның улануына әкелетін бактериялар халық жиі тұтынатын ет, құс еті, нан өнімдерінен табылып отыр. Оның ішінде, Ресейдің бройлер-балапан сирақ еті, Беларуссияның мұздатылған балапан-бройлер сирақ еті, отандық өнімдерден «Алатау құс» бройлер балапаны, ЖК «Алменов» тартылған ет, «Мұсылмандық», «Аманат» шұжығы бар. Қазіргі таңда бұл өнімдерді сатқан жеке кәсіпкерлерге заңнамаға сәйкес ұйғарымдар берілді. Ал, сайт, мобильді қосымшалар арқылы аталған ақпарат барлық тұтынушыға таратылды, – дейді департаменттің бас маманы Шарбану Исламова.
Осы орайда маман тұрғындардан өнімді сатып алар кезде сыртқы түріне, қаптамадағы екі тілді ақпаратқа, жарамдылық мерзіміне, сапасын растайтын құжаттың барына көз жеткізсе дейді. Сондай-ақ, ет өнімдерін пайдаланар алдында мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу керектігін айтады.
А.СЕЙІЛ
14 наурыз 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам