Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Оқушылар сөрелерін мақал-мәтелмен безендіруде

Оқушылар сөрелерін мақал-мәтелмен безендіруде

«Менің өмірімдегі қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өздерінің жеке заттарын сақтайтын шкаф-локерлерін отбасының өмірлік ұстанымына айналған мақал-мәтелдермен безендіруді қолға алды.
Білім, ғылым, достық, еңбек және адамгершілік секілді түрлі тақырыптағы тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер бүгінде мектептің ішкі келбетін ерекше әсемдей түсті. Әрбір оқушы отбасымен бірге мақал-мәтелдердің шығу тарихын зерттей отырып, өздерінің өмірлік ұстанымдары ретінде таңдап алған мақалдарды оқушылардың мектептегі жеке шкафтартарына іліп, өзгелерге таныстыруда.
– Бұл өте жақсы бастама. Себебі мақал-мәтелдер жастардың тіл байлығын дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйретеді. Сондай-ақ келелі ой мен кең мазмұнды нақыл сөздерді өмірде қолдана біледі, – дейді жобаға қатысушы ата-ана Зәуре Абуова.
Мектеп ата-аналарының белсендісі – Ақпановтар әулеті «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» деген халық даналығын ұран ретінде пайдаланады екен. Олардың айтуынша жанұядағы келісім мен мейірім адам бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
– Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – ол, әрине, отбасы. Анам мен әкем маған үнемі қамқорлық көрсетіп, менің қызығушылықтарыма көңіл бөледі. Соның арқасында мен өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, жан-жақты тұлға болып қалыптасудамын, – дейді 10-сынып оқушысы Нұрай Амангельді.
17 наурыз 2020 ж. 1 093 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам