Қала әкімі: Халық сапалы қызмет алуы керек
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы адам көп шоғырланатын бірқатар нысандарды аралап, тұрғындарға елдегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шараларды түсіндірді.
Алдымен халыққа қызмет көрсету орталығынан бастап, қазпочтаға, сауда орталықтарына және емхананы аралап, онда қойылған талаптардың орындалмағанын тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, оның орындалуы сұралатынын ескертті.
Сондай-ақ тұрғындар шаһар басшысынан мазалаған сұрақтарына жауаптарында алды.