Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Заңсыз сатылмақ болған 9 мың маска мен 700 антисептик тәркіленді

Заңсыз сатылмақ болған 9 мың маска мен 700 антисептик тәркіленді

Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайда Қаржы мониторингі комитеті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық маскалар мен антисептикалық препараттарды сату кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтады. «Комитеттің Түркістан және Маңғыстау облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 1 452 500 теңгеге 9350 дана медициналық маска, 770 000 теңге сомасына 700 антисептик (көлемі 100 мл.) тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны ҚР АҚК 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Ақтау қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігіне сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хаттамасының 8-тармағына сәйкес тәркіленген медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне жауапты сақтауға тапсырылды.

31 наурыз 2020 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам