Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛАБАҚШАДА ҮШТІЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

БАЛАБАҚШАДА ҮШТІЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

  Қалалық білім бөлімінің желілік кестесіне сәйкес «Ер Тарғын» балабақшасында «Мен үштілді білемін» тақырыбында ересектер тобының бүлдіршіндері арасында үштілділікке байланысты байқау өткізілді.
Шара барысында қатысушылар «Түстер» тақырыбына байланысты түрлі-түсті көліктердің дөңгелектерін жіппен құрастырды. Әр бала өздері құрастырған көліктердің түстерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтты.
«Менің отбасым» тақырыбы бойынша бүлдіршіндердің білімдері сыналды. Бұл тапсырмада «Сиқырлы қалам» плакаты және қаламы пайдаланылды. Бүлдіршіндер отбасы мүшелерін үш тілде айтып, берілген жауаптың дұрыс немесе бұрыс екендігін «Сиқырлы қаламмен» тексерді.
Бүлдіршіндер «Жемістер» тақырыбына Воскобович ойын құралдарының бірі кабралан тақтасын пайдаланып, ағашта өсіп тұрған жемістерді себетке жинады. Топ мүшелері жиналған жемісті үш тілде айтып, ұпай жинады.
«Дене мүшелері» тақырыбы бойынша топ мүшелері АКТ технологиясын пайдаланып, Флипчарт тәсілінде қонжықтың дене мүшелерін құрастырып, оны үш тілде атады.
Қатысушы бүлдіршіндер «Әсем Астанам» атты құрастырмалы ойыншығын жинап, «Жаса Қазақстан» әнін үш тілде айтты.
Байқау соңында қатысушы топтар балабақша меңгерушісінің дипломдарымен марапатталды.
06 желтоқсан 2017 ж. 3 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам