БҮЛДІРШІНДЕР ҮШ ТІЛДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ
«Ер Төстік» балабақшасында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты балабақша бүлдіршіндері арасында үштілде ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгілікке үш елдің патшалығынан келген қонақтар бүлдіршіндермен үш тілде сәлемдесіп, оларға сұрақтар қойды. Ағылшын елінен келген Джек есімді бүлдіршін балаларға қызықты ойын ойнатты. Бүлдіршіндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер мен тақпақтар айтып, орыс халқының «Виноградка» биін биледі.
Ересектер тобының тәрбиеленушілерімен «Найди и пойми» дидактикалық ойынын ойнату барысында АКТ, ойын технологиясы қолданылды.
Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін үштілде шырқады.