Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітова: Үйден шықпай, электронды қызметтің мүмкіндігін пайдаланатын сәт

Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітова: Үйден шықпай, электронды қызметтің мүмкіндігін пайдаланатын сәт

Төтенше жағдай кезінде цифрлық сауаттылықтың қажеттілігі артты. Технократтық дәуірде өмір сүріп жатқанымызбен әлі де технология көмегіне жүгінуге кейде цифрлық сауттылық, кейде техника мүмкіндігі, интернет жағдайы көтермейтін жағдайлар кездеседі. Дәл қазір мекеме жағалайтын уақыт емес. Цифрлық дәуірдің мүмкіндігін пайдаланып, өзіміз де цифрлық сауаттылыққа ден қоятын уақыт.
Төтенше жағдай кезіндегі карантиндегі қалаға «ақылды қала» жобасы қаншалықты көмектесе алды, тиімділігін пайдалана алдық па? Осы сауал төңірегінде Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітовамен онлайн-сұхбат жасаған едік.
Өткен жылы Қызылорда қаласы «Ақылды қалалар» рейтингісі қорытындысымен республика бойынша 4-орынға табан тіреген еді. Жаман көрсеткіш емес. Төменше жағдай кезінде «Ақылды қаланың» ақылдылығы сыналатын сәт. Осы сәтте тұрғындарға қандай ақылды жоба тиімділігін көрсетуде?
–Расында да «Ақылды қаланың» ақылдылығы сыналатын сәт. Халықтың көп шоғырлануына жол бермей, үйде отырып электронды қызмет алатын уақыт болып тұр. Карантин режимінде қаламыздағы 4 блок-бекетте қаланың цифрлық мүмкіндігінің тиімділігін пайдаланамыз. Карантин кезінде 4 блок-бекетте тексеру жұмыстарын жүргізетін «Сергек» блок-бекет ақпараттық желісі рұқсатсыз жүріп жатқан көліктерді анықтауды қолжетімді етпек.
Төтенше жағдай кезінде үлкен қалаларда қоғамдық көліктерде қолма-қол ақша төлеу болмайтындығы айтылды. Бұл ретте бізде қандай мүмкіндік бар?
–Қоғамдық көліктерді онлайн билеттендіру жүйесін биылғы жылдың сәуір айында іске қосу жоспарланған еді. Қалалық автобус паркіне қарайтын барлық көліктерге онлайн билеттендіруге қажетті техникалық жарақтар алынып, онлайн төлемдер жасауға даярлық жүргізілген болатын. Алдағы уақытта халық онлайн төлемнің игілігін көретін болады.
–Халықтың жиі баратын мекемесі – халыққа қызмет көрсету орталығы, почта бөлімшесі, банктер. Осы орайда тұрғындарға үйден шықпай-ақ қызмет алуды қалай насихаттар едіңіз?
–Халыққа қызмет көрсету орталығы 1414 нөмірі арқылы кеңес беруде және «Телеграм бот» мобильді қосымшасы арқылы электронды қызмет алуға мүмкіндік жасауда. Соңғы кездері техникалық ақауларға байланысты кедергілер болмаса, халыққа 42500 теңгені алатын азаматтардың өтінімдері онлайн қабылдауға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар онлайн қызмет алуға «e-gov» электронды қызмет порталында халықтың сұранысындағы қызметтер қолжетімді.
Әлі де зейнетақысын почтаға келіп алатын зейнеткерлер бар...
–Осы мәселе өзекті. Айдың басында зейнетақы, әлеуметтік төлемдер жүргізілетін белгілі. Жасы 55-тен асқан тұрғындар үшін бұл уақытта өте абай болу қажет. Осы уақытта әрбір тұрғын залалсыздандыру тәртібін сақтап, қорғаныш үшін бетперде киіп, антисептик құралдарын жиі қолданса деймін. Мүмкіндігінше резеңке қолғап киюді ұмытпаса екен. Әркім өз денсаулығы үшін, елдің амандығы үшін барлық тәртіп шараларын, қорғануды сақтаса деймін.
Төтенше жағдай кезіндегі халыққа ең тиімді қызмет түрі қандай?
–Ең тиімдісі – коммуналдық қызметтердің онлайн төленуі. Мәселен, өзім «Каspi bank» тұтынушысы ретінде барлық төлемді онлайн жүргіземін. Мұнда барлық коммуналдық қызметті онлайн жүргізуге мүмкіндік бар. Өзге екінші деңгейлі банктер осы қызметті халықтың кеңінен қолдануына жағдай жасауда.
Сұқбатыңызға рахмет.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
07 сәуір 2020 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам